«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Әлеуметтік-экономикалық даму

Солтүстiк Қазақстан облысында дене шынықтыру және спорттың даму жағдайы туралы 2019 жылдың қорытындысы бойынша ақпарат

Бүгiнгi күнi Солтүстiк Қазақстан облысында жүйелi түрде дене шынықтыру және спортпен 176 653 адам немесе облыс халқының жалпы санынан 32,1% адам айналысады, 2018 жылмен салыстырғанда 3181 адамға немесе 0,9% артты (2019 жылдың қорытындысы бойынша 173 472 немесе 31,2% адам).

2019 жылдың басынан берi 350 мыңға жуық адамды қамтитын 1 435 олардың iшiнде ең көпшiлiгi: Қазақ КСР Еңбек сiңiрген жаттықтырушысы А.И. Ямпольскийдi еске алуға арналған спорттық акробатикадан халықаралық турнир, Жоғарғы лига шеберлерiнiң ерлер командалары арасында волейболдан ҚР Чемпионаты, кикбоксингтен «Солтүстiк Қазақстанның Кубогi» республикалық турнирi, шайбалы хоккейден облыс кубогi, «Солтүстiк» қысқы спорттық мерекесi, көркем гимнастикадан ашық облыс чемпионаты, Ж.Тасеменовтiң жүлдесiне грек-рим күресiнен республикалық турнир, Ұлттық лига шеберлерiнiң әйелдер командалары арасында волейболдан ҚР Чемпионаты, кекушинкай каратэ бойынша облыс чемпионаты, бокстан «Жас ұлан» республикалық турнирi, қазақ күресiнен «Қызылжар барысы» облыстық турнирi, мемлекеттiк қызметшiлер арасында волейболдан облыстық турнир, ұлттық спорт түрлерiнен фестиваль, кекушинкай каратэ бойынша «Сұңқар» халықаралық турнирi, «Мен спортты таңдаймын» акциясы, шинкиокушинкай-карате бойынша ашық облыс чемпионаты, қыздар арасында волейболдан ҚР жазғы чемпионаты, жазғы Президенттiк көпсайыстан облыс чемпионаты, Мемлекеттiк рәмiздер күнiне арналған жаппай жүгiру, «Қызылжар-2019» велошеру, «Ақ бидай» облыстық жазғы спорттық мерекесi, «Жастар» облыстық спартакиадасы, Облыстық Денсаулық күнi, «Ринг патшасы» ашық облыстық турнирi, ҚР Тұңғыш Президентi — Ұлт Көшбасшысының тестiлерiн сынау түрлерi бойынша облыс чемпионаты, «Қызылжар Жастар Фэст» республикалық челленджi.

Балалар мен жасөспiрiмдердi дене шынықтыру және спортпен шұғылданумен көбiрек қамту мақсатында облыста 27 балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi, Спорт сарайы, спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернат-колледжi, 9 спорт клубы, жоғары спорт шеберлiгi мектебi, олимпиада резервiн дайындау орталығы, 11 дене шынықтыру дайындығының балалар мен жасөспiрiмдер клубтары және 23 аула клубтары жұмыс iстейдi.

Өiрде дене шынықтыру және спортпен белсендi айналысу үшiн 2870 спорт ғимараты жұмыс iстейдi.

Спорт алаңдарының тапшылығы 15 703 ш.м. құрайды.

2019 жылы салынды:

  • «Самұрық Қазына» қорымен мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiгi шеңберiнде Петропавл қаласының № 1 және Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның Новоишим № 2 орта мектептерi базасында 2 балалар спорттық ойын алаңдары (көпфункционалды футбол, хоккей алаңы, бүлдiршiндерге арналған ойын алаңы, күш жаттығуларымен айналысуға арналған алаң).
  • Көше тренажерлерiнiң 15 жинағы (1 — Айыртау ауданында (Украинское а/о), 1 — Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданда (Привольное а.), 4 — Тайынша ауданында (Абай, Большеизюмов, Драгомиров, Зеленогай а/о), 9 — Петропавл қаласында (1 — А.С. Пушкин гүл бағында және 8 — тұрғын үйлердiң аулаларында).
  • 4 спорт алаңдары — Тайынша ауданында (Озерное және Макашевка а.) 1 волейбол және 1 баскетбол алаңдары. «Самұрық Қазына» қорымен мемлекеттiк-жекеменшiк серiктестiгi шеңберiнде Петропавл қаласының № 1 және Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның Новоишим № 2 орта мектептерi базасында күш гимнастикасы үшiн (Street workout) 2 алаң.
  • 14 футбол алаңдары: 10 — Петропавл қаласында, 1 — Мамлют ауданында (Меңгесер а.), 1 — Қызылжар ауданында (Рассвет а.), 1 — Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданда (Привольное а.), 1 — Тайынша ауданында (Теңдiк а.). Аққайың ауданында спорттық аулалық ойын алаңы (Полтавка а.) және спорт залы (Дайындық а.) орнатылды.

М. Жұмабаев ауданының «Жастар» стадионы қайта жаңартылды.

Сонымен қатар, 2020 жылдың қаңтар айында Ақжар ауданы Талшық ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң құрылысын аяқтау жоспарлануда, сондай-ақ «Ауыл — Ел бесiгi» жобасы шеңберiнде қаржыландырылатын жобалар тiзбесiне кiргiзiлген Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң құрылысы басталды.

Бүгiнгi таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командаларының құрамына спорттың әр түрi бойынша облыстың 413 өкiлi кiредi.

2019 жылдың өткен кезеңiнде облыс жаттықтырушыларымен дайындалды: 541 жоғары дәрежелi спортшы, соның iшiнде 8 ХДСШ, 1 ЕССШ, 61 СШ, 266 СШҮ және 205 бiрiншi разрядты спортшы.

Республикалық және халықаралық жарыстарда солтүстiкқазақстандықтар 696 медаль жеңiп алды, оның iшiнде олимпиадалық спорт түрлерiнен 457 медаль, олимпиадалық емес спорт түрлерiнен 239 медаль.

Республикалық және халықаралық деңгейде жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға 70 ай сайынғы стипендия төленедi.

Бекiтiлген медиа жоспарға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесулер, дөңгелек үстелдер, баспасөз конференцияларын, ведомстволық бағынысты мекемелер және спорт ұйымдарының басшыларымен спорттық активтердi өткiзу, сондай-ақ облыстық және халықаралық деңгейдегi әртүрлi жоспарлы спорттық iс-шаралар мен акцияларды жариялау және көпшiлiкке тарату арқылы жұмыстар жүргiзiлуде.

Мақаланың шыққан күні: 04.05.2018 11:52

Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.01.2020 12:10

Басқарма басшысы
Мелехов Сергей Владимирович

Подать резюме

Маусым 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ

@2020 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

A- A A+