«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

ҚР Президентінің жолдауын іске асыру

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Төртінші өндірістік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына үн қату

Солтүстік Қазақстан облысы спорт саласының өкілдері барлық елмен бірге Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Төртінші өндірістік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын оқып, талқылауда. Елбасы біздің еліміздің дамуының нақты бағытын белгілеп, біздің пайымдауымызша шешімін табатын, түсінікті нақты міндеттер қойды.

Тәуелсіз Қазақстан өткен жылдарда әлемде сенім мен құрмет туғызатын бренд болды. Оның куәсі өткен жылы біздің елімізде табысты жүзеге асырылған ірі әлемдік жобалар. Бұл ТМД елдерінің ішінде Қазақстан ең бірінші болып ұйымдастырушы болған Дүниежүзілік мамандандырылған «ЭКСМПО» көрмесі, Қазақстанға қазақстандық спортшылардың ұмтылысының арқасында жалпы командалық екінші орынды әкелген Алматыда өткен Дүниежүзілік қысқы универсиада. Биылғы жылы біздің еліміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіде, оның тұрақты мүшесі болып, төрағалық етеді.

Сонымен қатар Елбасы Қазақстанның жетістіктері сенімді база, бірақ ертеңгі жетістіктердің кепілі емес екендігін сезіну қажеттігін баса айтты. Сондықтан да біз Президентіміз өзінің жыл сайынғы «Төртінші өндірістік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында қойған міндеттерін орындау үшін жұмылуымыз қажет.

Бұл революцияның бастаушысы индустриялау болады, ол әлі де болса өңдеуші секторға бағдарланған. Бұл жерде өндірістің кәсіпорындарды цифрландыру, еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі мәселелері шешу және өнімді экспорттауға бағыт алу қажет.

Президент ресурстық әлуетті әрі қарай дамыту міндетін қойып отыр, сонымен қатар кәсіпорындарда энергетикалық тиімділік пен энергия үнемдеуді арттыру жөнінде жұмыс жүргізу, «жасыл» технологияларды дамыту, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және жою міндетін қойды.

Қазақстандық өндірушімен өңдеу бойынша аграрлық секторға аса көңіл бөлу қажет, өйткені жай ғана шикізатты емес, экспортқа өз сапасын сақтайтын, экологиялық тұрғыдан таза дайын ауылшаруашылық өнімін шығару қажет. Бүкіл әлемге танымал «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік өнімдері бренді болуы тиіс.

Қазақстан аумағы бойынша өтетін көліктік-логистикалық инфрақұрылымның көліктік-құрлықтық дәзілінің тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыс тұр алда. Сонымен қатар Президент Нұрсұлтан Назарбаев өңірішілік мобильділікті арттыру жөнінденгі жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Бұл үшін жергілікті автомобиль жолдары желісін қайта құруға және жөндеуге арналған қаржыландыру көбейіп келеді.

Қазақстандықтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жалғасатындығы қвантады. Біз үшін бұл өте маңызды. Соңғы жылдары халықаралық жарыстарда топ жарған көптеген солтүстікқазақстандық спортшыларға мемлекет тарапынан пәтерлер берілді. Оның ішінде Олимпиада ойындарына қатысқан конькишілер Роман Креч және Дмитрий Бабенко, Дүниежүзілік универсиаданың рекордшысы жеңіл атлетші Маргарита Мұқашева андерлер арасындағы әлем чемпионы Алексей Луценко, WBA нұсқасы бойынша бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Жанат Жақиянов, Дүниежүзілік жазғы универсиаданың жеңімпазы ауыр атлетші Айдар Қазов және басқалары. Бұл біздің атлетшілер үшін зор қолдау және әрі қарай да жетістіктерге жетелейтін күш болып табылады.

Алдағы барлық жаңартулардың негізі болып ең алдымен адами капитал табылады. Осыған орай Президент барлық жастағы азаматтарды қамтитын алдыңғы қатарлы білім беру жүйесін құруға аса назар аударуда. Сонымен қатар қазақстандықтадын болашағын Ұлт Көшбасшысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін білумен байланыстырады. Ал латын әліпбиіне ауысу біздің тіліміздің халықаралық деңгейге жақындауына көмектеседі. Бұл спорт саласының өкілдеріне де маңызы өте зор, өйткені спортшылар біздің елімізді барлық әлем алдында, әр түрлі спорттық жарыстарға қатысып, ұсынады. Қуанарлық жағдай, қазақстандық спортшылар өздерінің ынтасы мен жігерінің арқасында құрмет тұғырының жоғарғы сатысына көтерілуде, олардың құрметіне біздің еліміздің Әнұраны шырқалып Көкбайрағы желбірейді. Осының бәрі біздің отанымыздың даңқын арттырып, бар әлемге паш етеді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасымен біздің мәдениетімізді одан әрі дамыту жалғасуда. Біз бәріміз өзіміздің тарихымызды тілімізді мәдениетімізді білуге, заманнменбірге қадымдап шетел тілдерін игеруге, алдыңғы қатарлы және ғаламдық көзқарасқа ие болуға тырысуымыз қажет.

Қоғамдық денсаулықты басқару, салауатты өмір салтын насихаттау, аурулардың алдын алу жөніндегі жұмыстарға аса зор және маңызды рөл берілуде. Елбасының пікірі бойынша міне дәл осыларға заманауи денсаулық сақтау бағдарлануы қажет. Бізде өз міндетімізді осыдан көреміз. Өйткені спортпен үнемі айналысу, денеге дұрыс жүктеме беру, белсенді өмір салтын жүргізу біздің азаматтардың денсаулығын нығайтып, сақтауға көмектеседі. Солтүстік Қазақстан облысыда спортпен және дене шынықтыруен айналысатындарың саны жыл санап өсуде. Бүгіндері спортпен және дене шынықтырумен 172 453 адам немесе халықтың жалпы санының 30,8 пайызы айналысады.

Тек 2017 жылы ғана 1371 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді.

Оның ішінде ең көрнектісі Халық споты ойындарына кіретін кешендік спартакиадалар болды: облыстық Денсаулық күні, шайбалы хоккейден «Алтын шайба» турнирі, шайбалы хоккейден облыс кубогы, қазақ күресінен «Қызылжар барысы» облыстық турнирі, жазғы ат жарыс маусымының ашылуы, каратэ-кекушинкайдан облыстық турнир, кикбоксингтен облыс чемпионаты, ұлттық спорт түрлерінен облыстық спартакиада, мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиада, БАҚ қызметкерлері арасындағы облыстық спартакиада, ЕССШ А. Винокуровтың жүлдесіне облыстық көпкүндік веложарыс, мүгедектер арасындағы «Надежда» облыстық спартакиадасы, Тұңғыш Президент-Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың тесттері бойынша облыс чемпионаты, жазғы ат жарыс маусымының жабылуы, ХДСШ К. Сафинді еске алуға арналған бокстан республикалық турнир, «Спешил Олимпикс» жеңіл атлетикадан республикалық турнир, түнгі хоккей лигасының чемпионаты, XVIII дәстүрлі «Қызылжар» турнирі аясында ХДСШ А. Нұрпейісовті еске алуға арналған кикбоксингтен Қазақстан Республикасының кубогы, Қазақстан Республикасының қысқы ауыл жасөспімдерінің спорттық ойындары.

Балалар мен жеткіншектерді дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту үшін облыста 27 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі, 8 спорт клубы жоғары спорт шеберлігі мектебі, спорт сарайы, облыстық спортқа дарыды балаларға арналған мектеп-интернат, олимпиада резервін дайындау орталығы, 11 балалар мен жеткіншектердің дене дайындығы клубы және 23 аулалық клуб жұмыс істейді.

Дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысу үшін спорт имараттарын 27 бірлікке көбейту жоспарлануда (2017 жылдың қорытындысы бойынша 2 851 бірлік), оның ішінде:

  • Есіл ауданында жабық хоккей корты;
  • Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында стадион салу;
  • Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда еркін күреске арналған спорт залы;
  • Жамбыл ауданының Пресновка ауылында воейбол алаңы;
  • Петропавл қаласныда жасанды жабынмен 10 шағын футбол алаңы, 10 көшелік спорттық жаттығу қондырғылары.

Сондай-ақ 2018 жылы Петропавл қаласында «КазЭдемСтрой групп» ЖШС-мен МЖӘ механизмін қолданумен әмбебап теннис орталығының құрылыс аяқтау, М. Жұмабаев ауданында, сондай-ақ Ақжар ауданының Талшық аулында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарлануда.

Осылайша, дене шынықтыру және спорт саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізу және Елбасы қойған міндеттерді орындау есебінен біз өзіміздің өңіріміздің гүлденуі үшін еңбек етеміз.

Мақаланың шыққан күні: 04.05.2018 11:54

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.05.2018 15:05

Басқарма басшысы
Есеналин Руслан Бахыттыұлы

Подать резюме

Қараша 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы

@2018 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

A- A A+