«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Жалпы ақпарат

Пошталық адресi: 150011

Электрондық пошта адресi: sport@sko.kz, sport@sko.gov.kz

Жұмыс тәртiбi: дүйсенбi-жұма 9:00 -18:30 с., түскi үзiлiс 13:00-14:30 с.

Басқарма құзыретi мен функциялары

  1. туризм, дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі өңірлік бағдарламалар мен жоспарларды әзірлейді және іске асырады;
  2. спорттық және туристік іс-шараларды, спорт түрлерінен жарыстарды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
  3. саланы дамыту, жұмыс істеп жатқан ұйымдарды кеңейту және қайта қалпына келтіруге инвестицияларды тартудың біріккен стратегиясын қалыптастырады және іске асырады;
  4. қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықаралық, өңірақаралық және ішкі спорттық байланыстарды жүзеге асырады;
  5. әр түрлі спорт түрінен облыстық құрама командалар дайындығын және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуын қамтамасыз етеді;
  6. облыс аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің дамуын қолдайды;
  7. мүгедектердің дене шынықтыру-спорт бірлестіктерімен бірлесіп, облыс деңгейінде спорттық іс-шаралар ұйымдастыруды, сондай-ақ республикалық жарыстарға дайындалу және қатысуды ұйымдастырады;
  8. мүгедектердің дене шынықтыру және спортпен айналысуы үшін жағдай жасап, қамтамасыз етеді;
  9. облыстық, аудандық мамандандырылған спорттық мекемелерінің қызметін үйлестіреді;
  10. спорт ғимараттарымен туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
  11. спорт ұйымдарына, туристік қызмет субъектілеріне әдістемелік және кеңестік көмек көрсетеді;
  12. өз құзыреті шегінде спорт шеберіне кандидат, бірінші спорттық разряд, жоғары және орта деңгейдегі біліктілігі бірінші санатты жаттықтырушы, жоғары деңгейдегі біліктілігі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары және орта деңгейдегі біліктілігі бірінші санатты әдіскер, бірінші санатты спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын береді;
  13. спорттық-бұқаралық іс шаралардың күнтізбелік жоспарларын әзірлейді, бекітеді және іске асырады;
  14. облыстың спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
  15. дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі мәліметтерді, дене шынықтыру және спорт саласындағы статистикалық деректерді талдайды және дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;
  16. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес дене шынықтыру-сауықтыру, спорт клубтарын, орталықтарын, секцияларын және дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметті жүзеге асыратын басқа да ұйымдарды, бірінші, екінші және үшінші санатты спорт құралдарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметін көрсететін заңды және жеке тұлғаларды, дене шынықтыру және спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жергілікті қоғамдың бірлестіктерді, одақтарды, ассоцияцияларды (облыстық федерациялар), туризм нұсқаушыларының қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;
  17. дене шынықтыру және спорт саласындағы жетістіктерді, салауатты өмір салтын насихаттауды жүзеге асырады;
  18. облыс аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
  19. туризмді дамытудың өңірлік бағдарламасын орындауға бағытталған іс-шаралардың іске асырылуын жүзеге асырады;
  20. облыс аумағында туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне, туристік бағыттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қажетті ақпарат қалыптастырады және уәкілетті органға ұсынады;
  21. туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және облыс аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады;
  22. облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
  23. балалар мен жастар лагерьлерінің, туристік бірлестіктердің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуына жәрдем көрсетеді;
  24. халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;
  25. туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат береді;

Негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Басқарма заңнамада белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шегінде мыналарға құқылы:

  1. облыс әкімі шешімдерінің және облыс әкімдігі қаулыларының, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының облыстық бағдарламалары мен жоспарларының жобаларының әзірлеуге қатысуға;
  2. кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламаларын бекітуге және үйлестіруге, конференциялар, семинарлар, оқытудың басқа да түрлерін ұйымдастыруға және дене шынықтыру, спорт және туризм жөніндегі мамандармен тәжірибе алмасуға;
  3. халықаралық, өңіраралық, республикалық және облыстық жарыстар мен жиындар, туристік жиындар, фестивальдар өткізуге;
  4. құзыретіне енетін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан ақпарат сұрауға;
  5. белгіленген тәртіпте өз құзыреті шегінде атақтарды беру, облыстық жарыстар мен басқа іс-шаралардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын, спорт ұйымдарының қызметкерлерін дипломдармен, сыйлықтармен, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапаттау мәселелерін шешуге, жаттықтырушы-оқытушылар құрамына санаттар беруге;
    5.1 басқарма ішінде туризм және спорттың сұрақтары дамуына байланысты қоғамдық кеңестер құрастыру;
  6. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

Мақаланың шыққан күні: 04.05.2018 09:33

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.05.2018 15:00

Басқарма басшысы
Есеналин Руслан Бахыттыұлы

Подать резюме

Мамыр 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

A- A A+