Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма қызметі || Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт басқармасы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметшiлерi мiнез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты Zip (248 Kb)

Солтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнiндегi профилактикалық шараларды өткiзудiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспары Zip (266 Kb)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы Zip (42 Kb)

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 14 сәуiрдегi № 234 қаулысы
Zip (71 Kb)

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы Zip (35 Kb)

Солтүстiк Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары Zip (1 Mb)

Дене шынықтыру және спорт басқармасымен басқарманың мемлекеттiк қызметшiлерi және ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекет жөнiндегi шараларды күшейту бойынша тұрақты және мақсатты жұмыс жүргiзiледi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекет жөнiндегi –iсшаралар, сондай-ақ 2016 жылға арналған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексiн сақтау жоспарын орындау мақсатында мынадай жұмыстар жүргiзiлдi:

  • басқарма қызметкерлерiмен жыл сайынғы декларациялар тапсыруға бақылау ұйымдастырылды (мемлекеттiк қызметшiлермен табыс туралы декларация уақытында тапсырылды);
  • басқарманың жалпыға қолжетiмдi орнында орналастырылған «Шағымдар мен ұсыныстарға арналған» жәшiк тұрақты негiзде жұмыс iстейдi;
  • басқарманың сайтында «Басқарма басшысының блогы» және «Қоғамдық қабылдау» бөлiмдерi жұмыс iстейдi;
  • басқарманың қабырғаларында жалпыға қолжетiмдi жерде «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарастыру тәртiбi туралы», «Басқармада көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер регламенттерi», «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексi» ақпараттық стендттерi орналастырылған;
  • басқарманың интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау мақсатында «сенiм телефоны» үнемi жаңартылып отырады. Қоңыраулардың есебi арнайы ашылған журналда жүргiзiледi;
  • басқарма қызметкерлерiн кадрлық тағайындау прокуратура және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен арнайы тексеру өткiзгеннен кейiн заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады;
  • жаппай құқықтық оқу аясында Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексiнiң және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары толық қарастырылады;
  • жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау мәселесi ерекше бақылауда (қабылдау кестесi бекiтiлген және көпшiлiкке көрiну үшiн жалпыға қолжетiмдi жерде, сондай-ақ басқарманың интернет-ресурсында орналастырылған);
  • басқармада тұрақты негiзде мемлекеттiк қызметтi қалыптастыру және оң иммиджiн нығайту жөнiндегi Iс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыс жүргiзiледi;
  • басшымен бекiтiлген жоспар-кестеге сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердi бiлiктiлiктi арттыру курстанда оқуы мен қайта дайындалуы қамтамасыз етiледi;
  • мемлекеттiк қызметке конкурстық iрiктеу рәсiмдерiн өткiзу кезiнде айқындылықты қамтамасыз ету мақсатында конкурстық комиссия отырыстарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрлiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттiк қызмет iстерi департаментiнiң өкiлдерi және байқаушылар қатысады;
  • ағымдағы жылдың 31 мамыры басқарманың мемлекеттiк қызметшiлерi үшiн Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекет жөнiндегi Ұлттық бюро департаментiмен сыбайлас жемқорлық тақырыбына семинар өткiзiлдi.

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiсiнiң этикалық нормасы

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың «Нұр Отан» ХДП-ның Сыбайлас жемкорлыққа қарсы форумында сөйлеген сөзiнен

Мемлекеттiк қызметшi келесi этикалық нормалары басшылыққа алуы тиiс:

  1. Мемлекеттiк кызметшi билiк пен өз өкiлектерiн қолдана бiлуi және адал болуы керек.
  2. Мемлекеттiк қызметте өз қамы үшiн емес мемлекет игiлiне жұмыс iстеуi, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек.
  3. Шенеунiк «Қандай қаражатқа өмiр сүресiң?» деген сұрақтан қорықпай өмiр сүруi тиiс, яғни өзiнiң зәулiм сарайлары мен оңы қоршаган дуалдар және қымбат шетелдiк маркалы көлiктерiнiң суреттерi жариялануына негiз болмауы керек.
  4. Мемелекттiк қызметшi заң талаптарымен толық сәйкестiкте өмiр сүруi керек.
  5. Кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елi азаматтарының сенiмiн жоғалтпай жұмыс iстеуi керек.
  6. Мемлекеттiк қызметшi ұжымға басшылық жасамас бұрын бағына бiлудi үйренуi, өз қызметкерлерiнен талап етiп отырғанын өзi орындай бiлуi керек.
  7. Қазақстандық мемлекеттiк қызметшi әдiлдiктiң, қарапайымдылықтың үлгiсi болып, адамдар арасында өзiн ұстай бiлуi керек.
  8. Егер мемлекет мүддесiне нұқсан келiп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерiн көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек.

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi Министрлiгiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросының ресми интнернет-ресурсынан табуға болады: http://anticorruption.gov.kz.

«Өзiңнен баста» акциясы

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi жалпыреспубликалық ақпарат-насихат компаниясы аясында мен, Есеналин Руслан Бахыттыұлы, Солтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, 2016 жылғы декларация деректерiн хабарлаймын:

  • кiрiс 4 781 401 теңгенi құрады.
  • Петропавл қ. Шухов көшесi, 2 Б мекенжайында орналасқан 3 бөлмелi пәтер.
  • 2007 ж. Toyota Camry автомобилi.

19.04.2017 14:34

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім

Рухани жаңғырту

Яндекс.Метрика