Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма туралы || Жалпы ақпарат

Жалпы ақпарат

Пошталық адресi: 150011

Электрондық пошта адресi: sport@sko.kz, sport@sko.gov.kz

Жұмыс тәртiбi: дүйсенбi-жұма 9:00 -18:30 с., түскi үзiлiс 13:00-14:30 с.

Басқарма құзыретi мен функциялары

  1. туризм, дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі өңірлік бағдарламалар мен жоспарларды әзірлейді және іске асырады;
  2. спорттық және туристік іс-шараларды, спорт түрлерінен жарыстарды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
  3. саланы дамыту, жұмыс істеп жатқан ұйымдарды кеңейту және қайта қалпына келтіруге инвестицияларды тартудың біріккен стратегиясын қалыптастырады және іске асырады;
  4. қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықаралық, өңірақаралық және ішкі спорттық байланыстарды жүзеге асырады;
  5. әр түрлі спорт түрінен облыстық құрама командалар дайындығын және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуын қамтамасыз етеді;
  6. облыс аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің дамуын қолдайды;
  7. мүгедектердің дене шынықтыру-спорт бірлестіктерімен бірлесіп, облыс деңгейінде спорттық іс-шаралар ұйымдастыруды, сондай-ақ республикалық жарыстарға дайындалу және қатысуды ұйымдастырады;
  8. мүгедектердің дене шынықтыру және спортпен айналысуы үшін жағдай жасап, қамтамасыз етеді;
  9. облыстық, аудандық мамандандырылған спорттық мекемелерінің қызметін үйлестіреді;
  10. спорт ғимараттарымен туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
  11. спорт ұйымдарына, туристік қызмет субъектілеріне әдістемелік және кеңестік көмек көрсетеді;
  12. өз құзыреті шегінде спорт шеберіне кандидат, бірінші спорттық разряд, жоғары және орта деңгейдегі біліктілігі бірінші санатты жаттықтырушы, жоғары деңгейдегі біліктілігі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары және орта деңгейдегі біліктілігі бірінші санатты әдіскер, бірінші санатты спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын береді;
  13. спорттық-бұқаралық іс шаралардың күнтізбелік жоспарларын әзірлейді, бекітеді және іске асырады;
  14. облыстың спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
  15. дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі мәліметтерді, дене шынықтыру және спорт саласындағы статистикалық деректерді талдайды және дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;
  16. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес дене шынықтыру-сауықтыру, спорт клубтарын, орталықтарын, секцияларын және дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметті жүзеге асыратын басқа да ұйымдарды, бірінші, екінші және үшінші санатты спорт құралдарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметін көрсететін заңды және жеке тұлғаларды, дене шынықтыру және спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жергілікті қоғамдың бірлестіктерді, одақтарды, ассоцияцияларды (облыстық федерациялар), туризм нұсқаушыларының қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;
  17. дене шынықтыру және спорт саласындағы жетістіктерді, салауатты өмір салтын насихаттауды жүзеге асырады;
  18. облыс аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
  19. туризмді дамытудың өңірлік бағдарламасын орындауға бағытталған іс-шаралардың іске асырылуын жүзеге асырады;
  20. облыс аумағында туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне, туристік бағыттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қажетті ақпарат қалыптастырады және уәкілетті органға ұсынады;
  21. туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және облыс аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады;
  22. облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
  23. балалар мен жастар лагерьлерінің, туристік бірлестіктердің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуына жәрдем көрсетеді;
  24. халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;
  25. туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат береді;

Негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Басқарма заңнамада белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шегінде мыналарға құқылы:

  1. облыс әкімі шешімдерінің және облыс әкімдігі қаулыларының, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының облыстық бағдарламалары мен жоспарларының жобаларының әзірлеуге қатысуға;
  2. кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламаларын бекітуге және үйлестіруге, конференциялар, семинарлар, оқытудың басқа да түрлерін ұйымдастыруға және дене шынықтыру, спорт және туризм жөніндегі мамандармен тәжірибе алмасуға;
  3. халықаралық, өңіраралық, республикалық және облыстық жарыстар мен жиындар, туристік жиындар, фестивальдар өткізуге;
  4. құзыретіне енетін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан ақпарат сұрауға;
  5. белгіленген тәртіпте өз құзыреті шегінде атақтарды беру, облыстық жарыстар мен басқа іс-шаралардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын, спорт ұйымдарының қызметкерлерін дипломдармен, сыйлықтармен, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапаттау мәселелерін шешуге, жаттықтырушы-оқытушылар құрамына санаттар беруге;
    5.1 басқарма ішінде туризм және спорттың сұрақтары дамуына байланысты қоғамдық кеңестер құрастыру;
  6. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

20.07.2017 15:21

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім

Рухани жаңғырту

Яндекс.Метрика