Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма туралы || Ереже

Ереже

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2016 жылғы «28» шілдедегі
№ 282 қаулысымен
бекітілген

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және
спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

Петропавл қаласы, 2016 жыл

1. Жалпы ережелер

1. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Басқарма) спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Басқарма мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен шешiмдер қабылдайды.

7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Басқарманың заңды мекенжайы: 150011 Қазақстан Республикасы, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай көшесi, 15.

9. Мемлекеттiк органның толық атауы:

мемлекеттiк тiлде «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.

орыс тiлiнде: Коммунальное государственное учреждение «Управление физической культуры и спорта акимата Северо-Казахстанской области».

10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

11. Басқарманың қызметiн қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерден Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсi бюджетiнен (шығыстар сметасы) жүзеге асырылады.

12. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлермен «Солтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актiлерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Басқарманың миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

13. Басқарманың миссиясы:

Солтүстiк Қазақстан облысында дене шынықтыру және спортты дамыту саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру.

14. Мiндеттерi: халықтың денсаулығын нығайту үшiн жағдай жасау, бұқаралық және кәсiби спортты таныту, балаларды, жасөспiрiмдер мен жастарды дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде шұғылдануға тартуды жүзеге асыру.

15. Функциялары:

1) жеке тұлғалардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың жаппай демалу орындарында спортпен айналысу үшiн инфрақұрылым құрайды;

2) спорт түрлерi бойынша облыстық спорттық жарыстар өткiзедi, оның iшiнде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлерi бойынша, сондай-ақ республикалық және (немесе) жергiлiктi аккредителген спорт федерацияларымен бiрлесе ардагер-спортшылар арасында;

3) спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;

4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етедi;

5) облыс аумағында дене шынықтыру және спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

6) спортшыларға спорттық разрядтар бередi: Қазақстан Республикасының спорт шеберiне кандидат, 1-шi разрядты спортшы;

7) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын бередi;

8) аккредиттелген өңiрлiк және жергiлiктi спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бiрыңғай өңiрлiк күнтiзбесiн бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамамасыз етедi;

9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысанда және мерзiмдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;

11) жергiлiктi спорт федерацияларын аккредиттеудi жүзеге асырады;

12) бiлiм беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкi уақытта халық үшiн спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық iс-шаралар өткiзу мақсатында пайдалану жөнiнде шаралар қолданады.

13) облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың үлгiлiк оқу жоспарларын келiседi;

14) өңiрлiк және жергiлiктi аккредителген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерi бойынша құрама командалардың облыстық тiзiмдерiн қалыптастырады және бекiтедi;

15) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шараларды өткiзу кезiнде қоғамдық бiрлiктi және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етедi;

16) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестiредi;

17) спорт мектептерiне, спорт мектебiнiң бөлiмшелерiне «мамандандырылған» деген мәртебе бередi;

18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкiлеттiлiктердi жүзеге асырады.

16. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) облыс әкiмi шешiмдерiнiң және облыс әкiмдiгi қаулыларының, облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының облыстық бағдарламалары мен жоспарларының жобаларын әзiрлеуге қатысу;

2) Бюджет кодексiне сәйкес бюджеттiк бағдарлама әкiмшiлерi қызметтерiн орындау — Басқарманың және ведомствоға қатысты мекеменiң қаржыландыру жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру; ведомствоға қарасты ұйымдарға қаржы мәселелерi бойынша iскерлiк көмек көрсету және қаржыландыру жоспарларының орындалуын талдау; Басқарманың бухгалтерлiк есептiлiгiн және қаржылық-шаруашылық есебiн жүргiзу; тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу;

3) кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру бағдарламаларын бекiту және үйлестiру, конференциялар, семинарлар, оқытудың басқа да түрлерiн ұйымдастыру мен дене шынықтыру және спорт жөнiндегi мамандармен тәжiрибе алмасу;

4) халықаралық, өңiраралық, республикалық және облыстық жарыстар мен жиындар өткiзу;

5) құзыретiне енетiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан ақпарат сұрау;

6) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау;

7) белгiленген тәртiпте өз құзыретi шегiнде атақтарды беру, облыстық жарыстар мен басқа iс-шаралардың жүлдегерлерi мен жеңiмпаздарын, спорт ұйымдарының қызметкерлерiн дипломдармен, сыйлықтармен, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапаттау мәселелерiн шешу, жаттықтырушы-оқытушылар құрамына санаттар беру;

8) басқармаға жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындайды;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да құқықтарды жүзеге асырады.

3. Басқарманың қызметiн ұйымдастыру

17. Басқармаға басшылықты басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

18. Басқарманың бiрiншi басшысын Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. Басқарманың бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

20. Басқарманың бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:

1) заңнамаға сәйкес қызметкерлердi және құрылымдық бөлiмшелер басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

2) Басқарма бұйрықтарына қол қояды және Басқарма қызметкерлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нұсқаулар бередi;

3) Басқарманың құрылымы мен штат кестесiн бекiтедi;

4) Басқарманың ведомствоға қарасты ұйымдарының құрылымын және жарғыларын бекiтедi;

5) Басқарма қызметкерлерiн, көтермелеу және тәртiптiк жазалар қолдану мәселелерiн шешедi;

6) Басқарманы мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда ұсынады;

7) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Басшы Басқарма жұмысын ұйымдастырады және басқарады, әйелдер мен ерлердiң тең құқықтары мен тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етедi, басқармаға жүктелген мiндеттердi орындауға және олардың өз функцияларын жүзеге асыруларына, басқарма қызметкерлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына; ведомствоға қарасты спорт ұйымдары басшыларын аттестациялауға жауапты.

Басқарманың бiрiншi басшысы болмаған кезде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. Басқарманың мүлкi

22. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшаулаған мүлкi болуы мүмкiн.

Басқарманың мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) сатып алынған мүлiктен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден қалыптастырылады.

23. Басқармаға бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

25. Басқарманы қайта ұйымдастыру (бiрiгу, қосылу, бөлiгу, қайта құру) және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

26. Басқарманың мүлкiн бөлу тәртiбi таратылғаннан кейiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

27. Басқарманың ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

28. Басқарманың филиалдары мен өкiлдiктерi жоқ.

6. Басқарманың жұмыс тәртiбi және өзара қарым-қатынастары

29. Басқарма және уәкiлеттi органның арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады және реттеледi.

30. Басқарманың әкiмшiлiгi және оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

31. Басқарманың жұмыс уақытының режимi екi демалыс күнi бар бес күндiк жұмыс аптасында түскi үзiлiспен ұзақтығы күнiне сегiз сағат.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже Zip (3,9 Mb)

20.07.2017 15:40

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім

Рухани жаңғырту

Яндекс.Метрика