Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
СҚО спорты || Біздің мақтанышымыз

Біздің мақтанышымыз

Винокуров Александр НиколаевичАлександр Николаевич Винокуров
ҚР спортқа еңбегі сіңген шебері, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы

1973 жылы 16 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы, Бескөл ауылында дүниеге келді.

Бірінші жаттықтырушылары — С.И. Кручин, кейін ҚР ұлттық құрамында Я. Шарфа және В.Н. Ремыги.

Спорттық жетістіктері:

1994 жыл. Херосимдегі жазғы Азия ойындарындағы командалық жарыстан Чемпионы және топтық жарыстан күміс жүлдегері.

1996 жыл. Атланттағы жазғы олимпиада ойындарына қатысушысы.

1998 жыл. «Валенсии Турінің» және «Дофин Либери» жарыстарының жеңімпазы

1999 жыл. Тас жолындағы дүние жүзінің үш мәрте чемпионы.

2000 жыл. Топтық жарыстан Сиднейдегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, «Германиядағы Түрдың» жеңімпазы.

2002 жыл. «Париж-Ницца» — атты вело жарыстан жеңіспен кеді, топтық жарыстан Пустанедегі жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.

2003 жыл. «Амстел Голд» жарысынан Әлем Кубогының «Париж — Ницца» атты жарыстан және «Швейцария Турының» жеңімпазы, «Тур де Франстың» қола жүлдегері.

2004 жыл Түрлі бастамамен жеке жарыстан Әлем Чемпионы, Афинадағы жеке жарыстан олимпиадалық ойындарынан 6-шы орынға ие болды.

2005 жыл. «Льеж — Бастонь — Льеж» жарыстың жеңімпазы, «Дофин Либери» және «Тур де Франс»-тан бесінші орынға ие болды, «Тур де Франс» кезеңінен екі жеңіспен оралды.

2006 жыл. «Вуэльта – Кастилия» супер көп күндік вело жарыстын жеңімпазы, «Вуэльта» жеңісі үш кезеңнен тұрады, Әлем чемпионының қола жүлдегері.

2007 жыл. «Критериум дю Дофине Либере» ұпай бойынша және екі кезеңгі сынақтан бірінші орынды иеленді.

2009 жыл. Тас жолдағы (жарыс жеке бастамамен) вело жарыстың Азия Чемпионы), «Тур де л’Эн» кезеңінен бірінші орын алды.

2010 жыл. «Классика Сан-Себастьян»,жарысынан күміс, «Тур де Франс» 13-ші кезеңнен, «Льеж — Бастонь — Льеж», «Джиро дель Трентино» жарыстарынан алтын.

2011 жыл. «Тур де Франс» төртінші кезеңінің қола, «Тура Страны Басков» үшінші кезеңінің алтын жүлдегері

2012 жыл. ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы (Лондон қ.).

Парасат (2000) және «Барыс» (2006) II дәрежелі ордендермен марапатталды.

2006 жылдан бастап Солтүстік-Қазақстан облысының құрметті азаматына ие болды.

Луценко Алексей АлександровичАлексей Александрович Луценко
Спортқа еңбегі сіңген шебер, Андер арасында веложарыстан 2012 жылғы әлем чемпионы

Алексей Луценко 1992 жылы 7 қыркүйекте СҚО, Қызылжар ауданы, Большая Малышка ауылында дүниеге келген. 1-ші сыныптан 7-ші сыныпқа дейін Большая Малышка орта мектебінде оқып, кейін облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына ауысты, Одан кейін, оны бітіріп «Кокше» спорт академиясына оқуға түсті (Көкшетау қ.).

Жоғары шеберлі спорт мектебінде ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушылары Виктор Потаповтан және жаттықтырушы Владимир Ремыгиден жаттығу алады.

2007 жылы ҚР спорт Шеберінің атағына ие болды.

2011 жылы Халықаралық класстан спорт шебері болды.

Велосипед спорты бойынша ҚР ұлттық құрамының құрамасына енеді.

Жетістіктері:

  • Республикалық жарыстардың дүркін жеңімпазы және жүлдегері;
  • (ОАЭ Шардж қ.) тас жолындағы юниорлар арасындағы топтық жарыстың Азия-2010 чемпионы;
  • Сиднейдегі (2010) 1 жасөспірімдер олимпиадалық ойындарына қатысушы (жеке жарыстан, 4 орын);
  • 2012 жылғы ҚР Ұлттық чемпионатының күміс жүлдегері;
  • «Тур де Лайн» кәсібшілік арасында веложарыс кезеңінен екінші орынға ие болды (Франция, 2012 жыл);
  • Италия, Болгария, Доминикандағы халықаралық кезеңдегі жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері болды;
  • 2012 жылы Франциядағы Әлем Кубок кезеңінің жеңімпазы;
  • Конадағы Әлем Кубогынан қола жүлдегері (жалпы классификация);
  • 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы 177,1 км-ге топтық жарыстан 2012 жылдың әлем чемпионы (Голландия).

Диденко Виталий МихайловичВиталий Михайлович Диденко
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, гір спортынан бірнеше дүркін әлем чемпионы

Солтүстік-Қазақстан облысының Темирязев ауданының Ақжан ауылында 1986 жылы 27 қазанда дүниеге келген.

М. Қозыбаев атындағы СҚО жаратылыстану-жағрапия факультетінің түлегі.

Бірінші жаттықтырушысы — Владимир Валентинович Никитенко (Ақжан орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы), жаттықтырушылар — Николай Федорович Лаврентьев, Андрей Ярославович Глявяк.

Жетістіктері:

Виталий Диденко — гір спорты бойынша жеті дүркін әлем чемпионы

  • жастар арасындағы екі дүркін әлем чемпионы ( Ресей, 2005 жыл; Ресесй 2006 жыл)
  • 23 жасқа дейінгі жас ерекшелік категориясында ерлер арасында әлем чемпионы. (Италия, 2008 жыл)
  • ерлер арасында гір спортынан төрт дүркін әлем чемпионы (Украина, 2007 жыл; АҚШ 2007 жыл; Эстония 2009 жыл; Литва 2012 жыл)
  • Жастар арасындағы күміс жүлдегер (Ресесй 2005 жыл), ерлер арасында жеті дүркін күміс жүлдегер.
  • ерлер арасында гір спортынан әлем чемпионатының қола жүлдегері. (Украина, 2007 жыл)
  • Еуропа чемпионатының бес дүркін күміс жүлдегері, ҚР классикалық екісайыс рекордсмені, классикалық екісайыста гір спортынан ҚР 16-дүркін рекордсмені. Классикалық екісайыста гір спортанан ҚР сегіз дүркін чемпионы.
  • Гір спортынан және армрестлингтен 2 республикалық универсиадасының чемпионы (2008 жыл, Өскемен)
  • ҚР қарулы күштерінің гір спортынан және армрестлингтен Үш дүркін чемпион. (2010 жыл, Литва)
  • СНГ мемлекеттерінің достық армиясының 7 Спартакиадасының күміс жүлдегері.

Нью-Йоркте 2011 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (АҚШ).

Достық армиясының қатысушы-мемлекеттер Спартакиадасының чемпионы (2012 жыл).

Шауляй қаласында өткен гір спортынан 5 Әлемдік Ойындарда 2012 жылы Диденко алтын жеңіп алды.

Вексфорд қ-да (Ирландия) өткен Еуропа чемпионатында эстафетада Виталий екінші болды, сонымен қатар жұлқи көтеруден Қазақстанның рекордын орнатты — 92 көтеру.

В. Диденко — Гір спортынан ҚР 25 дүркін чемпионы. Жарыста көрсеткен ең жоғары көрсеткіштері классикалық итеру — 146 көтеру, классикалық жұлқи тарту — 92 көтеру әр қолымен. Ең жарыс сомасы 230,5 көтерулер, ұзын циклде жоғары жарыс нәтижесі — 84 көтеру.

Мирас Сағатұлы БiрiмжановМирас Сағатұлы Бiрiмжанов

Қазақстан Республикасына еңбегi сiңген спорт шеберi, кигбоксингтен әлем чемпионы

Мирас Бiрiмжанов Солтүстiк Қазақстан облысы Темiрязов ауданы Сұлы деген станцияда 1983 жылы 7 наурызда жүниеге келген.

Облыстық спортқа дарынды балаларға арналған спорт-мектебiн аяқтады.

2004 жылы ҚР IIМ iшкi әскери Петропавл жоғары әскери училищесiн бiтiрдi.

Жетiстiктерi:

  • 2001 жыл. Қазақстан Республика спартакиядасының күмiс жүлдегерi (Қарағанды).
  • 2002 жыл. Қазақстан Республика кубогын жеңiп алды (Шымкент).
  • 2003 жыл. Қазақстан Республикасының Чемпионы (Астана).
  • 2004 жыл. Азия чемпионатының күмiс жүлдегерi (Ташкент).
  • 2004 жыл. Халықаралық класстың спорт шеберi атағын алды.
  • 2004 жыл. Әлем Чемпионатының күмiс жүлдегерi (Париж, Франция).
  • 2007 жыл. Қасзақстан Республика кубогын жеңiмп алды (Алматы).
  • 2007жыл. Әлем Чемпионатының қола жүлдегерi (Порто Каррас, Греция).
  • 2007 жыл. Қазақстан Республикасының Чемпионы (Семей).
  • 2007 жыл. Әлем Чемпионы (Португалия).
  • 2008 жыл. Қазақстан Республикасына еңбегi сiңген спорт шеберi атағын алды.

25.01.2017 11:48

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім

Рухани жаңғырту

Яндекс.Метрика