Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма туралы || Басшылық

Басшылық

Есеналин Руслан БахыттыұлыБасқарма басшысы

Есеналин Руслан Бахыттыұлы

Тел: 46-60-40

Басқарма басшысының өмірбаяны

Есеналин Руслан Бахыттыұлы 1976 жылы 6 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Сергеевка ауданы Двойники селосында дүниеге келді. Петропавл қаласында тұрады, үйленген, үш баланы тәрбиелеуде.

Білімі жоғары. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша (1998 жыл), Мемлекеттік қызмет институты Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша (2001 жыл), Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша аяқтаған (2006 жыл).

Солтүстік Қазақстан облысы әскери өнер және кикбоксинг федерациясында аға-жаттықтырушы, «Авангард» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде бокстан оқытушы-жаттықтырушы, бокстан БЖСМ бокстан оқытушы-жаттықтырушы, спорттық резервті және ұлттық команда штаттық Дирекциясында ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы (Астана қаласы), Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс атқарды.

Қазақстан Республикасының спорт шебері, кикбоксингтен Қазақстан Республикасының Еңбегі сіңген жаттықтырушы.

2012 жылғы 6 қаңтардан бастап Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарып келеді.

Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының функционалдық міндеттері

Әкімшілік-аймақтық бірлікке сәйкес аймақта мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында дене шынықтыруды, спортты дамытудың бірыңғай стратегиясын құрастырады және үйлестіреді. Уәкілетті органға спорт бойынша марапаттау үшін қолдаухаттар ұсынады. Басқарма қызметіне жалпы басшылық етеді, аймақаралық іс-шараларда дене шынықтыру және спорт сұрақтары бойынша облыстың мүддесін білдіреді; әкімшілік-аймақтық бірлікке сәйкес аймақта спорттық ғимараттарды жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді; түрлі халықаралық және мемлекетаралық ұйымдармен спорттық байланысты нығайту мен дамыту жұмысын жүргізеді; орынбасарының, бөлім бастықтарының, құрылымдық ұйымдар басшыларының міндеттерін анықтайды; заңнамаға сәйкес басқарма қызметкерлерін және құрылымдық бөлімшелердің басшыларын лауазымға тағайындайды және босатады; басқарманың бұйрықтарына қол қояды, сондай-ақ басқарма қызметкерлері орындауға міндетті тапсырмалар береді; басқарманың және құрылымдық бөлімшелердің құрылымын және штаттық кестесін бекітеді; басқарма қызметкерлерін, құрылымдық ұйымдар басшыларын ынталандыру және тәртіптік жаза қолдану сұрақтарын шешеді; мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда басқарманың өкілі болады; алқа отырысында, аппараттық кеңестерде, басқарманың қаржылық-экономикалық қызметіне басшылық етеді.

Әлдiменов Аслбек ТорсанұлыБасқарма басшысының орынбасары

Әлдiменов Аслбек Торсанұлы

Тел: 46-35-40

Басқарма басшысы орынбасарының өмiрбаяны

Әлдiменов Аслбек Торсанұлы 1976 жылы 13 тамызда Солтүстiк Қазақстан облысы Сергеевка ауданы Бағанатты ауылында дүниеге келдi. Петропавл қаласында тұрады, үйленген.

Бiлiмi жоғары. М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» мамандығы бойынша аяқтаған (2007 жыл).

Озерный орта мектебiнiң АӘД пәнiнiң мұғалiмi (Қызылжар ауданы), Семиполка орта мектебiнiң АӘД ұйымдастырушысы (Шал ақын ауданы), Қазақ тiрек интернат-мектебiнiң АӘД ұйымдастырушысы (Шал ақын ауданы) ЖДККҚ-нiң оқу iсiнiң меңгерушiсi (Шал ақын ауданы), «СҚО Шал ақын ауданының дене шынықтыру және спорт бөлiмi» ММ-нiң бөлiм басшысы болып жұмыс атқарды.

2016 жылғы 3 мамырдан бастап Солтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Басшы орынбасарының функционалдық мiндеттерi

Дене шынықтыру және спорт саласын дамытудың стратегиялық жоспарын, әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеуге байланысты басқарманың қызметіне басшылық етеді; дене шынықтыру және спортты дамытуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі сұрақтарға басшылық етеді. Меншік түріне қарамастан спорттық ұйымдардың қызметін үйлестіреді; әкімшілік-аймақтық бірлікке сәйкес аймақта спорт объектілерінің құрылысы мен жөндеу, материалдық-техникалық базасын дамыту жөніндегі жұмысқа басшылық етеді. Дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын дамытуға, жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлауға, облыс құрама командаларының және жеке спортшылардың республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуына бақылауды жүзеге асырады. Директивті құжаттардың, облыс әкімі өкімдері мен шешімдерінің, басқарма бұйрықтарының орындалуын қадағалайды. Спортшыларға спорттық разрядтар, жаттықтырушыларға, нұсқаушы-спортшыларға, әдіскерлерге, спорт бойынша төрешілерге санаттар беру жөніндегі комиссияны басқарады. Саланы жоспарлау сұрағымен айналысады, басқарма қызметкерлерінің орындаушылық тәртібін бақылайды.

Жоспарлау-қаржы бөлiмiнiң басшысы:
Шәкiбаева Шнар Жапарқызы, тел.: 46-09-85

Дене шынықтыру-бұқаралық бөлiмнiң басшысы:
Бестик Виктор Васильевич,тел.: 46-73-02

Оқу-спорттық бөлiмнiң басшысы:
Қасымов Серiк Исламбекұлы, тел.: 46-74-72

Жиынтық-талдамалық бөлiмнiң басшысы:
Арықбаев Бақыт Алтайұлы, тел.: 50-26-67

Әкiмшiлiк-құқықтық бөлiмнiң басшысы:
Нұрғалиев Өміртай Бекетұлы, тел.: 46-62-58

Басқарманың мекенжайы: 150011, Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы, Абай көшесi, 15
тел.: +7 7152 46-60-40
Электронды пошта: sport@sko.kz, sport@sko.gov.kz

21.07.2017 15:26

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім

Рухани жаңғырту

Яндекс.Метрика