Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Халықпен жұмыс істеу || Азаматтардың жүгінулері

Азаматтардың жүгінулері

2014 жылы азаматтардың жүгiнулерi

Сұрақ:

Құрметтi Руслан Бақыттыұлы

2013 жылдары Петропавл қаласында шайбалы хоккейден 10 команданың қатысуымен қаланың ашық чемпионаты өткiзiлдi.Чемпионатқа 4 аудандық команда қатысуына қарамастан, өкiнiшке қарай, Сiздiң басқарма чемпионатты ұйымдастыруға ешқандай көмек көрсеткен жоқ. Чемпионатқа қатысушылар, олардың атынан мен сiзге жүгiнiп отырмын, 2014 жылғы чемпионатқа дайындық кезiнде мынадай мiндеттемелердi есерудi өтiнедi. 1. Чемпионаттың ойындары негiзiнен Қарасай стадионының мұз айдынында өткiзiлсiн, бос мұз айдынының жетiспеушiлiгi iске өте қолбөгеу болады. Чемпионатқа 6 қалалық команда қатысты, оларға тек бiр ғана стандартты хоккей қорабшасынан келдi. Онда чемпионаттың ойындарынан басқа хоккейшiлердiң жаттығулары, допты хоккей жаттығулары да өткiзiлдi, спорттың басқа түрлерiнен жарыстар болды. Кешкi уақытта стадионның мұз алаңын пайдалану оның сапасына сай емес, өйткенi мұзды құю тек күнiне бiр-ақ рет жүргiзiледi, бұл, әрине, аздық етедi. Сiрә, қалада жаңа хоккей қорабшаларын салу қажет, оларды ұстау мәселесiн шешу керек (жарық, мұзды құю, тазалау және т.б.), ал сондай-ақ спортшылардың шешiнуiн ойластырған жөн. 2. Карасай стадионындағы хоккей қорапшасының жайы, ондағы құрал-жабдықтар апатты жағдайда. Ойыншылар үшiн демалыс орны қарастырылмаған. Хоккей қақпасы қауiпсiздiк нормаларына сай келмейдi және мұзға бекiтiлмеген. Қақпаларда торкөздер жоқ. Көрермендерге арналған орындар тәртiпке келтiрiлмеген. 3. Турнирге облыстық чемпионат мәртебесiн беру қажет деп есептеймiз және оған қатысуға, кем дегенде, Есiл және Ғ. Мүсiрепов атындағы аудандардың құрамасын тарту керек. 4. Чемпионат тәжiрибеде БАҚ-та жарияланбайды. Соған байланысты оны өткiзудегi бiрден-бiр мақсат — хоккейдi әйгiлеуге қол жеткiзiлмейдi. Осы айтылғандарға байланысты, 2014 жылғы чемпионатқа дайындық мақсатында Сiзден жуық уақытта қаланың (аудандардың) спорт бөлiмдерiнiң, хоккей командаларының, шайбалы хоккейден Қазақстан Федерациясы Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалының өкiлдерiнiң қатысуымен мынадай күн тәртiбiнде жиналыс өткiзудi сұраймыз: 1. СКО-да 2016 жылға дейiн шайбалы хоккейдi дамытудың бадарламасын жасау және бекiту; 2. Қарасай стадионында хоккей кортын қайта жаңғырту; 3. Мұзды құю мен тазалауға арналған машиналар сатып алу; 4. Карасай стадионындағы хоккей кортының жұмыс уақытын ұлғайту; 5. Петропавл, облыс аумағында хоккей корттары мен киiм iлгiштерiнiң қосымша құрылысын салу; 6. Петропавл, облыс аумағында жұмыс iстеп тұрған корттарда қызмет көрсету (жарық, мұзды құю, тазалау ) мәселесiн шешу; 7. СҚО-да шайбалы хоккейге арналған сайт ашу және жүргiзу; 8. 2014 жылдары шайбалы хоккейден облыс чемпионатын өткiзу туралы шешiм қабылдау; 9. Қабылданған шешiмдер мен өткiзiлген iс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. Құрметпен, Қатысушы командалар өкiлi Никитенко Александр 18.09.2014 жыл

Никитенко Александр Андреевич
18.09.2014

Жауап:

Құрметтi Александр Андреевич!

Сiздiң жүгiнуiңiздi қарап, хабарлаймыз, дене шынықтыру және спорт басқармасы Солтүстiк Қазақстан облысында шайбалы хоккейдi дамытуда айтарлықтай жұмыстар жүргiзуде.

Сiздi осыған байланысты спорт ұйымдарының директорлары, федерацияның мүшелерi және шайбалы хоккей ардагерлерiнiң қатысуымен өтетiн кеңеске қатысуға шақырамыз.

Күн тәртiбiнде Солтүстiк Қазақстан облысында шайбалы хоккейдi дамыту жөнiндегi ағымдағы проблемалық мәселелер және оны шешудiң мүмкiн жолдары, сондай-ақ, Сiздiң жүгiнiңiздегi көрсетiлген мәселер қаралатын болады.

Сiздi 2014 жылғы 25 қыркүйекте 15.00-де мына мекенжай бойынша күтемiз: Петропавл қ., Абай к-сi, 15 («Нұр Отан»партиясының ғимараты, 3 — қабат).

Басқарма басшысы Р.Есенәлин

Сұрақ:

Қайырлы кеш құрметтi СҚО ДШ және С басқармасының басшылары, СIЗДЕРГЕ сенiм көрсеткендерiңiз үшiн зор ризалық бiлдiремiн және ҚР-да спортты алға бастырудағы СIЗДЕРДIҢ көмектерiңiз, одан әрi ынтымақтастықта жұмыс iстеуге сенiм ұялатады. Түсiнемiн, алғашында оңай болмайды, бiрақ мен iзгiлiктiң Жаратқанның назарынан тыс қалмайтынына сенемiн. Шын жүректен жекелей алғысымды бiлдiремiн: Есенәлинге .Р.Б.,Сәрсенбаевқа Р.Ж. және «Кызылжар» БЖСМ директоры Николай Александровичке, және маған осы жұмысты алуыма көмек көрсеткендердiң барлығына. Бiздiң халықтың игiлiгi үшiн жанаямай, жақсы жұмыс iстеймiн деп сендiремiн.

Рақымжанов Ержан Сапарұлы
04.09.2014

Жауап:

Құрметтi Ержан Сапарұлы!

Сiздiң немқұрайды еместiгiңiзге алғысымызды бiлдiремiз және ынтымақтастықпен жемiстi жұмыс iстеймiз деп сенемiз.

Басқарма басшысы Р.Есенәлин

Сұрақ:

Сәлеметсiз бе СҚО дене шынықтыру департаментiнiң басшылары, Сiздерге жазып отырған футболдың шынайы жанкүйерi, фанаты. Сiздерден сұрағым келгенi « СIЗ әлемдегi 1 спорттың жағдайын бiздiң өңiрде қалай өзгертер едiңiз?» БАҚ-та жазылғандардың бәрi, ТВ-да көрсетiлгендердiң денi, Бiздiң футбол 7 мильдiк адыммен iлгерiлеуде, осы маусымдағы бiздiң клубтардың Еврокубкадағы табыстары, спорт басқармасының есептерi, осының барлығы бос сөз, құрамалардың ФИФА рейтингiсiн қараңыздар, сонда бәрi түсiнiктi болады. Мен Сiздерге бiздiң елiмiздегi футболды қалай көремiн, сол туралы айтайын, бiр ғана мысал келтiрейiн: 8 шiлдеде мен Қарасай стадионында шығармашылық емтихан тапсырдым(12 00-де келдiм), футбол алаңына жiгiттер тобы келдi, бiрiне — бiрi допты пасқа бердi, қақпаға доп тептi, екi жақты ойнады, мен оларды назар қоя бақыладым, жаттықтырушы (қарны бар орыс жiгiтi ), барлық жаттығу бойы телефонмен жұмыс iстедi, және бөгде адамдармен әңгiме-дүкен құрды, жiгiттердiң деңгейi ауладағылардан сәл ғана жоғары, мен жаттығудан кейiн олардың кiм екенiн сұрадым, жас шамаларын бiлдiм, мен өз көзiме өзiм сенбей, қатты қынжылдым, бұл даярлық тобы (менiңше Қызыл жар, қателесуiм де мүмкiн), олар 17 жастағылар !!! сiздер қалай ? осындай жаттықтырушымен футболдан өсесiздер ме? СIЗДЕР қаланың бас алаңындағы ауыспалы қақпаны көрдiңiздер ме? Олардың маңдайшасы иiлiп (салбырап), қақпашының басына түсердей жағдайда, ал БАРЛЫҚ футболдың айналасындағылар қайда қарауда, мен қайран қаламын, сөйтуге болмайды ғой. Мен өзiм Астанада туғанмын (онда тұрғын үйдi жоғалттым (ипотека)), Явленкада тұрамын, Есiл колледжiн бiтiрдiм, СҚМУ-дiң дене шынықтыру факультетiне оқуға түспекшiмiн, Явленканы араладым және БАРЛЫҚ инстанцияға телефон шалдым, мен үшiн жұмыс жоқ, мен Петропавл қ.-да футболдан балалар жаттықтырушысы болып жұмысқа орналасуыма бола ма? Өзiм туралы айтсам жоспарда Қазақстан құрамасын ӘЧ-а алып шығу, ол үшiн маған қосым. 15 жыл бар, СҚО-дан жоспарлауды бастадым, маған мүмкiндiк берiңiздер, мархабат, және мен СҚО-дан жiгiттердiң кем дегенде Қазақстанда үздiк болатынына сендiремiн. Үйде өз бетiмен оқумен айналысамын, жаттығудың Голландық әдiсi туралы көп бiлетiн болдым, өзiм туралы айтсам, футболға жауапкершiлiкпен қараймын, және балалармен тiл табамын, балаларды 6-дан 8-жасқа дейiн жинап, кем дегенде олармен он жылдай жұмыс iстеу менiң арманым болып табылады, және мен оларды әлем чемпионатына апарамын, неге 6-дан 8-жасқа дейiн ?, мәселен бұл Бәйтерек ФК, балаларға 90 миллион жұмсалды, оларды футболға 3 жыл бойы БРАЗИЛИЯДА үйреттi, және нәтижесi? Қанша жылдан берi кестенiң түбiнде, бұл ненi көрсетедi, бұл балалардың қалыптасып қалғаннан кейiн жаттыққанын көрсетедi, сондықтан оларды өзгерту қиынға түседi, ал жанайқайымды СҚО-ға жеткiзсем де жетер деп ойлаймын, Астананың жолы өте алыс, мен СIЗДЕРДЕН тағы да өтiнемiн, шақырып менiмен әңгiмелессеңiздер, онда мен СIЗДЕРГЕ барлығын толық айтып берер едiм, жауаптарыңыздарға алдын ала рақмет айтамын.

Рақымжанов Ержан Сапарұлы
20.07.2014

Жауап:

Құрметтi Ержан Сапарұлы!

Дене шынықтыру және спорт басқармасы Солтүстiк Қазақстан облысында спортты дамыту жөнiнде айтарлықтай жұмыстар жүргiзуде, және басым бағыттарының бiрi өскелең ұрпақтың шеберлiгiн арттыру болып табылады.

Осыған байланысты, Сiздi БЖСМ директорлары, «Қызылжар СҚ» ФК ЖШС басшылығы, СҚО футбол федерациясының мүшелерi қатысатын кеңеске қатысуға шақырамыз.

Күн тәртiбiнде Солтүстiк Қазақстан облысында футболды дамытудың ағымдағы проблемалық мәселелерi және оны шешудiң мүмкiн жолдары, ал сондай-ақ, Сiздi футболдан БЖСМ-ға жаттықтырушы-оқытушы ретiнде жұмысқа орналастыру мүмкiндiгi қарастырылатын болады.

Сiздi 2014 жылғы 24 шiлдеде 10-00-де «Қызылжар СҚ» ФК ЖШС офисiнде күтемiз, Жамбыл к-сi 173 мекенжайына орналасқан.

Басқарма басшысы Р.Есенәлин
23.07.2014

Құрметтi Ержан Сапарұлы!

Сiздiң ұсынысыңызды қарай келiп, мынадай ұйғарымға келдiк: 2014 жылдың тамызынан қыркүйегi бойынша балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебiнде 2014–2015 оқу жылына оқу-жатығу топтарын жинақтау жүргiзiлетiн болады.

Осы кезеңде Сiздiң кандидатураңыз бiрiншi жыл оқитын бастауыш даярлық тобына жаттықтырушы-оқытушы ретiнде қаралатын болады.

Осыған байланысты, Сiз дене шынықтыру және спорт басқармасының электрондық мекенжайына sport@sko.kz өз түйiндемеңiздi жiберiңiз.

Басқарма басшысы Р.Есенәлин
31.07.2014

Сұрақ:

Сәлеметсiз бе, құрметтi Руслан Бақыттыұлы. Сiзге мүмкiндiгi шектеулi балалардың ата-аналары атынан жүгiнемiн. Бiздiң өтiнiшiмiз — Бескөл ауылындағы «Құлагер» ипподромында жабық манеж салу. Бұл балалардың иппотерапия сабағына табиғаттың қытымырлығына қарамастан, бүкiл жыл бойына қатысуына мүмкiндiк бередi. Мен Сiздi ипподромда талай рет көрдiм, сондықтан ойлаймын, Сiз байқадыңыз, науқас балаларға жауынды-шашынды, боранды-желдi күндерi салт атқа мiнiп айналысудың қолайсыздық туғызатынын. Сондықтан бiздiң өтiнiшiмiз назардан тыс қалмайтынына сенемiз. Құрметпен.

Саутова Люция Фаритовна
23.04.2014

Жауап:

Құрметтi Люция Фаритовна!

Сiздiң 2014 жылғы 23.04.-тегi жүгiнуiңiзге орай мынаны хабарлаймыз:

Қызылжар ауданының аумағындағы Бескөл ауылында «Құлагер» ипподормы бар, иегерi «Қызылжар ипподромы» ЖШС-i болып табылады (директоры Бекежан Е.С.), оның ғимаратын, атқорасын және жаттығу сабақтары үшiн айналмалы жолдарын ат спорты облыстық балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi жалға алады.

Бюджеттiк ұйым жалға алған жекеменшiк аумағында қандай да бiр құрылыс жұмысын жүргiзуге заңды құқығы жоқ.

Жоғарыда айтылғанға сәйкес, қазiргi уақытта манеж құрылысы мәселесiн шешу мүмкiн болмай отыр.

құрметпен, басқарма басшысы Р. Есенәлин

Сұрақ:

Құрметтi, Руслан Бақыттыұлы! Футболдан 26 сәуiрде 1 лига командалары арасындағы ҚР 4 турында Астана 1964 пен Қызылжар СҚ-ның кездесулерi өтедi. Сiз жанкүйерлердiң Астанаға баруын ұйымдастырмас па екенсiз. Тегiн болуы мiндеттi емес егер жүру сомасын анықтап және жиынтығы туралы хабарландыру беру керек. Алдын ала рақмет

Асылхан Алдиярулы
20.04.2014

Жауап:

Құрметтi Асылхан Алдиярұлы!

Сiздiң 2014 жылғы 20.04.-тегi жүгiнуiңiзге орай, мынаны хабарлаймыз.

Астана қаласында 2014 ж. 26.04.-те футболдан Бiрiншi лига командалары арасындағы ҚР бiрiншiлiгiнiң матчында «Астана 1964» пен «Қызылжар СҚ»командалары кездеседi.

Дене шынықтыру және спорт басқармасы «Қызылжар СҚ» футбол клубымен бiрiгiп, бiздiң команданы Астана қаласына барып жанкүйер болып қолдайтындар тiзiмiн жасайды.

Қатысуға өтiнiмдер және бару шарттары, ал сондай-ақ қажеттi ақпаратты «Қызылжар СҚ» фан-клубы бередi, байланыс телефоны: Константин: 87714777605, koc_2906@mail.ru.

Басқарма басшысы Руслан Есенәлин

Сұрақ:

Қайырлы күн, ал сiзде СШҮ белгiсiн жасатуға бола ма?

Түркен Санжар Рәшидұлы
10.02.2014

Жауап:

Құрметтi Санжар Рәшидұлы!

Дене шынықтыру және спорт басқармасында спорт разрядтары мен жаттықтырушылардың санаттарын беретiн комиссия құрылған. Нормативтердi орындаған кезде, бекiтiлген «ҚР бiрыңғай спорт бiлiктiлiгiне сәйкес», спортшыға спорт атағы берiледi.

«ҚР спорт шеберiне үмiткер» нормативiн орындаған кезде, спортшыға соған сәйкес куәлiк берiледi.

Кеуделiк белгi спортшыларға ҚР Еңбек сiңiрген спорт шеберi, ҚР халықаралық дәрежедегi спорт шеберi және ҚР спорт шеберi нормативтерiн орындағанда берiледi.

Құрметпен, басқарма басшысы Руслан Есенәлин

25.01.2017 11:45

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім

Рухани жаңғырту

Яндекс.Метрика