Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма қызметі || Әлеуметтік-экономикалық даму

Әлеуметтік-экономикалық даму

Солтүстiк Қазақстан облысында дене шынықтыру мен спорттың 2017 жылғы 1 маусымдағы даму жағдайы туралы ақпарат

Солтүстiк Қазақстан облысында 170 832 мың адам дене шынықтырумен және спортпен жүйелi түрде айналысады (облыс тұрғындарының жалпы санының 30 пайызы).

Өңiрде 77 спорт түрi кеңiнен тараған.

2017 жылдың басынан бастап 159 мыңнан астам адамды қамтумен 760 iс-шара өткiзiлдi, оның iшiнде ең көпшiлiктiсi «Солтүстiк» қысқы спорт мерекесi, облыстық Денсаулық күнi, шайбалы хоккейден «Алтын шайба» турнирi, шайбалы хоккейде облыс Кубогы, қазақ күресiнен «Қызылжар барысы» облыстық турнирi, жазғы ат жарыс маусымының ашылуы, каратэ-кекушинкайдан облыстық турнир, кикбоксингтен облыс чемпионаты, ұлттық спорт түрлерiнен облыстық спартакиада, мемлекеттiк қызметшiлер арасындағы облыстық спартакиада, ХДСШ А. Винокуровтың жүлдесiне облыстық көпкүндiк веложарыс.

Балалар мен жеткiншектердiң көпшiлiгiн дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту үшiн Солтүстiк Қазақстан облысында 26 балалар мен жасөспiрiмдердiң спорт мектептерi спорттың ойын түрлерi бойынша 7 спорт клубы, 1 — жоғары спорт шеберлiгi мектебi, олимпиада резервiн дайындау орталығы, 22 аулалық клуб, облыстық мамандандырылған спортқа дарынды балаларға арналған мектеп интернат жұмыс iстейдi.

Дене шынықтырумен және спортпен белсендi айналысу үшiн өңiрде 2854 спорт имараты жұмыс iстейдi.

Ағымдағы жылдың басында Қызылжар ауданының Новоникольское ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң құрылысы аяқталды, онда әмбебап ойын залы, жаттығу қондырғылары залы және жекпе-жек залы бар.

Осыған орай спорт алаңдарының тапшылығы 1260 ш.м. кемiп, 13502 ш.м. құрады (2016 жылңы соңында — 14762 ш.м.).

Петропавл қаласының «Жас Өркен» шағын ауданында теннис орталығының құрылысы басталды.

Уәлиханов ауданының Кiшкенекөл ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң құрысы жалғасуда. М. Жұмабаев ауданының Булаево қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерiнiң құрылысы жоспарлануда.

Бүгiнгi күнi Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының сапына спорттың әр түрлерiнен облыстың 356 өкiлi кiредi.

2017 жылдың өткен мерзiмiнде облыс жаттықтырушыларымен 3 ХДСШ, 19 СШ, 124 СШҮ және 99 1-шi разрядтты спортшы дайындалды.

Облыс спортшылары 5 Әлем чемпионатына, 5 Азия Чемпионатына, 76 ҚР чемпионатына, 13 ҚР кубоктары мен бiрiншiлiктерiне, 13 Республикалық турнирге, 24 халықаралық турнирге қатысты. Спортшылар үшiн 50 оқу-жаттығу жиындары өткiзiлдi.

Республикалық және халықаралық жарыстарда солтүстiкқазақстандықтар 216 медаль жеңiп алды, оның 137 медалi спорттың олимпиадалық түрлерiнен, 79 медаль олимпиадалық емес спорт түрлерiнен.

Республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға 100 ай сайынғы ақшалай үлес төлендi.

Бекiтiлген Медиа-жоспарға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесулер, дөңгелек үстелдер, баспасөз-конференцияларын, ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен спорт ұйымдарының басшыларымен спорт активтерiн, сондай-ақ әр түрлi спорттық iс-шараларды және облыстық және халықаралық деңгейдегi акциялар өткiзу жолымен жұмыс жүргiзiлуде.

Дене шынықтыру және спорт басқармасы сайтының жаңалықтар таспасы үнемi жаңартылып отырады. 2017 жылғы 1 шiлдеде жаңалықтар таспасында 70 ақпараттық хабарлама орналастырылды (қазақ және орыс тiлдерiнде).

Облыстық және республикалық маңызы бар орыс тiлiнде шығатын баспа және интернет БАҚ 550 әр түрлi жанрдағы және көлемдегi ақпараттық хабарлама жарияланды. Облыстық және қалалық телеарналарда (МТРА, «Қазақстан-Петропавл» және «Первый Северный») спорт тақырыбына 200 сюжет (орыс және қазақ тiлдерiнде) , «НС-Петропавловск» радиосында — Солтүстiк Қазақстан спорты туралы 25-дан астам ақпараттық хабарлама шықты (екi тiлде).

Спортты, дене шынықтыруды және салауатты өмiр салтын халық арасында танытып тарату электронды және баспа бұқаралық ақпарат құралдары көмегiмен белсендi жүргiзiлуде, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының Фейсбук, В Контакте, Инстаграмм әлеуметтiк желiлерiнiң парақтарында және жаңалықтар ресурстарында белсендi насихатталады.

Басқарманың сайты екi тiлде жүргiзiледi — орыс және қазақ тiлдерiнде. Сайта мiндеттi бөлiмдермен қатар бастамашылық бөлiмдер де бар: «Солтүстiк Қазақстан облысы», «Спорт объектiлерiнiң қызметтерi», «Фотогалерея», «Пайдалы сiлтемелер», «Спорттық статистика», «Бiздiң мақтанышымыз», «Анықтамалық ақпарат», «Бiздi бiлiп қой!».

26.07.2017 11:31

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім

Рухани жаңғырту

Яндекс.Метрика