Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Үздiк ондықтар қатарында

25.09.2017

Норвегияда 17-24 қыркүйек аралығында тас жолдағы велосипед спортынан Әлем чемпионаты өттi.

Құрлықтың ең күштi шабандозын үш жас санатында — юниорлар, андерлер және кәсiпқойлар арасында анықтау қажет болды. Барлық жастағы қатысушылар екi олимпиадалық қашықтықта медальдар үшiн бөлек стартпен жеке жарыста және топтық жарыста таласқа түстi.

Бөлек старттық жарыста қазақстандық шабандоз — бiздiң жерлесiмiз Алексей Луценко тек 28-шi болды. Ал уақыт бойынша Алексей 2017 жылғы Әлем чемпионы — голландтық Том Дюмкуленнен үш минтуттан сәл артық уақыт қалып қойды, ал қола медальдан оны 1 минут 43 секундт бөлiп тұрды.

180 адам жарысқа түскен топтық жарыста андерлер арасындағы 2012 жылғы әлем чемпионы Алексей Луценко ғаламшардың үздiк он велошабандоздары қатарына кiре алды, ол осы жарыс түрiндегi әлемнiң үш дүркiн чемпионы — словак Петер Саганмен бiрдей тоғызыншы нәтиже көрсеттi. Көшбасшылар қатарына сондай-ақ Норвегия, Австралия, Италия, Швейцария, Колумбия және Ұлыбритания елдерiнiң өкiлдерi кiрдi. 2017 жылғы әлем чемпионатының үздiк ондықтар қатарында бiздiң жерлесiмiз де бар.

Естерiңiзге сала кетейiн, ҚР еңбек сiңiрген спорт шеберi, 25 жасар Алексей Луценко жуырда «Вуэльта Испании» супер көп күндiгiне қатысып, бесiншi кезеңде жеңiске жетсе, 18-кезеңде күмiс жүлдегер болып, мәре сызығын кестi.

Айта кетер жағдай, қазақстандық жастар арасында әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсеткендер де бар, олар: Юрий Натаров — бөлек стартпен жарыста 12-нәтиже көрсеттi, юниорлар арасында «бөлек» стартта Игорь Чжан бесiншi болса, .ал Евгений Федоров топтық жарыста тоғызыншы нәтиже көрсеттi.

СҚО әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз-қызметi

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім

Рухани жаңғырту

Яндекс.Метрика