Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Петропавлда тамыздың үшінші жексенбісіне келетін Спорт күнін салтанатты атап өтті

18.08.2017

Н. Погодин атындағы орыс драма театрындағы мерекелiк iс-шара облыстың атақты спортшыларын, ардагерлердi және спорт саласы қызметкерлерiн жинады.

Өңiр басшысының атынан жиналғандарды кәсiби мерекемен облыс әкiм аппаратының басшысы Мадияр Қожахмет құттықтады.

— Бүгiн салауатты өмiр салтын ұстанушылардың, үнемi дене шынықтырумен айналысушылардың мерекесi. Бiздiң облысымыз Елбасы белгiлеп берген меже — тұрғындардың 30 пайызын бұқаралық спортпен қамту мiндетiн орындады. Қазiргi уақытта дене шынықтырумен 170 мыңнан астам адам айналысады. Облыс тұрғындары үшiн 2854 спорт имараттары жұмыс iстейдi, олардың желiсi жыл сайын кеңеюде. Биылғы жылы Уәлиханов ауданының Кiшкенекөл ауылында толыққанды дене шынықтыру-сауықтыру кешенi салынуда. Кезекте — осындай спорт объектiсiн Ақжар ауданының Талшық ауылында және М. Жұмабаев ауданының Булаев қаласында салу. Петропавлда мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк аясында әмбебап теннис ортылығының құрылысы жүргiзiлуде. Орталық «Қарасай» стадионын қайта құру аяқталды. «Жастар» стадионы қайт құрылуда.

Бүгiндерi бiздiң өңiрiмiзде 77 спорт түрi белсенiд дамуда. 356 солтүстiкқазақстандық Қазақстан Республикасының әр түрлi спорт түрлерiнен ұлттық құрамаларының сапына кiредi. Соңғы жылдары жоғары жетiстiктер спортын дамыту үшiн 6 кәсiби спорт клубтары ашылды. Биылғы жылы ат спорты түрлерiнiң «Тұлпар» кәсiби клубы ашылды. Осы жыл Алматыда өткен 27-шi Дүниежүзiлiк Қысқы Универсиада мен Жапонияның Саппоро қаласында өткен 8-Қысқы Азия Ойындарындағы солтүстiкқазақстандық спортшылардың табысты өнер көрсетумен есте қалды. Солтүстiк Қазақстан облысы спортшыларының жетiстiктерi туралы арнайы дайындалған бейнеролик айтып шықты.

— Бiз өзiмiздiң жерiмiзде әлемдiң чемпионаттар мен бiрiншiлiктердiң ең жоғары сатысына көтерiлген Қазақстанның күштi спортшыларын тәрбиелегенiмiздi мақтанышпен айтамыз. Бiздiң чемпиондар өздерiнiң үлгiсiмен өскелең ұрпаққа шабыт беруде. Бiздiң атлеттердiң табысына күш сiңiрген бiздiң жаттықтырушылар. Олардың бiлiктiлiгi және кәсiптiлiктерi оларды осы жетiстiктероге жетеледi. Дәл сiздер жақсы спорттық дәстүрдiң бастамасысыздар. Ендi осы жолды жас, талантты спортшылар жалғастыруда. Сiздердi осы кәсiби мереке — Спорт күнiмен шын жүректен құттықтаймын. Спорттың шын мәнiнде бiрiктiргiш күшi бар, бейбiтшiлiк, қайырымдылық пен әдiлдiк идеясын тасымалдаушы. Ол әрқашан елдiң беделiне жұмыс iстейдi. Бүгiн осы спорт саласында бар күш-жiгерiн салып, отандық спорттың дамуына үлес қосып жүрген адамдарға алғыс айтымен» — дедi Мадияр Қожахмет.

Мереке күнi Солтүстiк Қазақстан спорт саласының үздiк өкiлдерi наградалрмен марапатталды. ҚР Мәдениет және спорт министрлiгiнiң белгiсiмен спорт ардагерi Виктор Сайко марапатталды. Министрдiң қолы қойылған Құрмет грамотасын дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға арналған «Үмiт» спорт клубының директоры Вячеслав Латышев және БЖСМ жұмыс жөнiндегi облыстық дене шынықтыру және спорт орталығы директорының орынбасары Ольга Надобенко алды. ҚР Спорт комитетiнiң Құрмет грамоталары күрес БЖСМ өкiлi Галым Өркешевке және жеңiл атлетикадан ОРМБЖСМ өкiлi Александр Мицихке табысталды. Бiрнеше адам Министрлiктiң және облыс әкiмiнiң Құрмет граморталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Осы күнi ҚР Жоғары лигасының әйелдер командалары арасындағы волейболдан 25-шi чемпионатының чемпионы болған «Қуаныш» әйелдер волейбол клубының ойыншыларына алтын медальдар мен гүлдер берiлдi. Ең спорттық аудандар да марапатқа ие болды. Облыстық Халық спорт ойындарының қорытындысы бойынша 2017 жылы жүлдегерлер қатарына Тайыншы, Қызылжар, Ғ. Мүсiрепов атындағы аудандар кiрген болатын.

Мерекелiк бағдарламаны Солтүстiк Қазақстан облысы әртiстерiнiң шығармашылық нөмiрлерi жалғастырды. Олармен бiрге спорттық сән биiнен, көркем гимнастикадан және акробатикадан өңiрдiң жетекшi спортшылары өнер көрсеттi.

Анна Пенькова,
СҚО әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт басқармасының баспа-сөз қызметi.


НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім

Рухани жаңғырту

Яндекс.Метрика