Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Өз мұзында қожалық еттi

15.09.2017

13-14 қыркүйекте «Құлагер» хоккей клубы Спорт сарайының мұз айдынында Алматылық қарсыласын қарсы алды. Жаттықтырушы Беланның тәрбиеленушiлерi қарсыластарына кiмнiң қожайын екендiгiн көрсеттi.

Петропавлда 13 қыркүйекте өткен бiрiншi матч екi команданың да әркеттерiне қарамастан, тыныш, ешщқандай әсерлi сәттерсiз басталды. Қарсыластар қақпаларға шайбаны бағыттағанмен еш нәтиже болмады. Тек бiрiншi кезеңнiң соңында ғана «Құлагердiң» шабуылшысы Денис Стасюк «Алматы» ХК қақпасын бұзды.

Бiрiншi кезеңнен кейiн мұз үстiндегi ойын күрт өзгердi. Командалар ойындарына жылдамдық, аздап спорттық ашу қосылғандай болды. Дегенмен де екi қақпашы да шайбаны қағудан тынбаы, сондықтан да таблодағы көрсеткiш өзгермедi. Екiншi үзiлiске кетер шақта алматылықтардың қақпасын «құлагерлiк» Дмитрий Исмагилов бұзды. Үшiншi кезеңнiң алдындағы есеп 2:0 болды.

Үшiншi кезеңде алматылықтарға қарымта қайтару жолы болмады. Ал «құлагерлiктердiң» матч аяқталар алдында тағы да есептi өзгерту мүмкiндiгi туды. Константин Смольниковтiң қаппасына шайбаны соққан Константин Чеботаев болды. 3:0 бiрiншi ойын күнiнiң нәтижесi осындай болды.

Келесi күнi қарсыластар Спорт сарайында тағы да кездестi. Үшiншi кезеңде таблодағы сан өзгермедi. Жанкүйерлердiң анда-санда «шайба», «шайба» деген ұрандары ғана естiлiп тұрды, дегенмен де есеп өзгермедi. Қарсыластардың есе қайтармақ қимылдарынган еш нәтиже шықпады. Екi қақпашы үшiншi кезеңнiң есебiн сақтап қалуды қамтамасыз еттi. Бес минуттық овертайм да есептi өзгере алмады.

Жеңiмпазды буллиттер сериясында анықтауға тура келдi. Бұл жерде құлагерлiктердiң шеберлдiгiнде мiн болған жоқ. Қақпашы Алексей Трифонов алматылықтардың шабуылын шеберлiкпен қайтарып отырды, ал Виктор Луговский мен Денис Стасюк дәл соққымен Михаил Смольниковтiң қақпасына шайбаларын енгiздi. Екi соққы созылған ойынның нүктесiн қойды. Құлагер құрғақ жеңiске жеттi.

1:0 — бұл «Құлагердiң» «Алматымен» өткiзген екiншi ойнының нәтижесi.

— Лайықты қарсыласпен жақсы екi ойын өткiзiлдi. Кеше бiз әр кезеңде бiр шайбадан соғып отырдық, осының өзi жеңiске жеткiлiктi болды. Бүгiн екi команда да қорғаныста ойнады. Негiзгi уақытта гол соға алмадық. Матчтың түйiнiн буллит арқылы қоюға тура келдi. Бүгiн жiгiттерден қатаң және тәртiптi ойнауды талап еттiк, олар жерге қаратпады. Оларға жеңiске деген ниеттерi үшiн алғыс айтамыз.Чемпионаттың басында үйдегi ойында 9 ұпай жинадық, бұл жаман нәтиже емес. Маусымды бастау оңай емес. Бiз алға жылжыймыз және көшпелi ойындарға дайындаламыз, — дедi «Құлагер» ХК жаттықтурышысы Олег Гущин.

Ал «Алматы» ХК жаттықтырушысы ойынды «iске аспаған мүмкiндiктер матчтары», клуб ойыншылары өздерiне алған жүктi психологиялық түрде жеңе алмады және нәтиже де сондай болды дедi.

Екi турдың қорытындысы бойынша «Құлагер» ХК ҚР чемпитонатының турнирлiк кестесiнде төртiншi орында. Алда «Арлан», «Бейбарыс» және «Ертiс» клубтары.

Келесi ойынды бiздiң колманда Астанада астаналық «Номад» командасымен ойынайды. Үйдегi аренаға «Құлагер» тек қазан айының басында оралады, және өз жанкүйерлерiн ұзақ сүйiндiретiн болады.

Анна Пенькова,
СҚО Әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз-хатшысы

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім

Рухани жаңғырту

Яндекс.Метрика