Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Чемпионды қарсы алды

11.09.2017

Петропавлға 29-Дүниежүзiлiк жазғы универсиаданың ауыр атлетикадан чемпионы Айдар Қазов оралды. Темiржол вокзалының перронында жеңiмпазды қала, дене шынықтыру және спорт басқармасының және спорт ұйымдарының басшылығы, туыстары мен жас спортшылар қарсы алды.

Есерiңiзге сала кетейiк, Дүниежүзiлiк студенттердiң спорт ойындары тайваньнiң Тайбей қаласында 19-30 тамыз аралығында өткен болатын. Қазақстан құрамасы қатарында солтүстiкқазақстандық ауыр атлетшi Айдар Қазов та 77 кг салмақ дәрежесiнде өнер көрсеттi. Қоссайыстың сомасы бойынша оның еншiсiнде 331 келi болды. Оның қарсыластарының нәтижелерi онша мәз болмады. Айдар Қазов осы жарыстың сөзсiз жеңiмпазы атанды.

Өңiр басшысы Құмар Ақсақаловтың атынан Айдар Қазовты қала әкiм Марат Тасмағамбетов қарыс алды.

— Бүгiне бiз чемпионды қарсы алып отырмыз, бұл бiз үшiн үлкен қуаныш. Оның алтын медалi — ұқсап бағу үлгiсi. Солтүстiк Қазақстан облысының спорты дамуда, оның жарқын үлгiсi Айдар Қазовтың жеңiсi болып табылады. Бұл нәтиже Айдардың және оның жаттықтырушысының еңбегi, бiздiң облысымыздың үлкен жеңiсi, өйткенi Универсиада төрт жылда бiр рет өткiзiледi, — дедi Марат Иманбайұлы.

Солтүстiк Қазақстан облысының басшылығы жоғары жетiстiктер спортына ғана емес, сонымен қатар бұқаралық спортты дамытуға да аса көңiл бөлуде. Петропавлда және облыс аудандарында футбол алаңдары, жаттығу алаңдары ашылуда. Қалалық мәдениет және демалыс бағын қайта құруға демалыс аймағында футбол алаңын, велосипед жолдарын салуды, «Street Workout» күш гимнастикасымен айналысуға арналған алаңдар кiредi. Облыс орталығында сондай-ақ заманауи теннис орталығының құрылысы жүргiзiлуде. Осының барлығы жергiлiктi басшылықтың спортты дамытуға деген құлшынысының белгiсi.

Дүниежүзiлiк Универсиадаға қатысудан алған әсерiмен спортышының өзi де бөлiстi:

— Бәрi жақсы өттi. Ең басты қарсыластар Ресей мен Канада өкiлдерi болды. Мен жарысқа жүлдегерлер қатарынан табылу үшiн, мүмкiн болса бiрiншi орын алу үшiн бардым. Мен ойлағандай болып, чемпион атандым.

Студенттер ойнына дайындалуға Айдар мен оның жаттықтырушысының үш ай уақыты кеттi. Жеңiске деген ұмтылысқа жақсы дене дайындығы мен сапалы жүргiзiлген жаттығулар себепкер болды. Үздiк үштiкке түсу үшiн аз тер төгiлген жоқ. Жеңiс жолындағы Айдардың және оның қарсыластарының өнер көрсету деңгейiнен жеңiстiң алыс еместiгi көрiндi. Айдарға тек жетiстiктерiн әрi қарай жалғастыру қажет болды.

— Алда — әлем чемпионаты, ол қараша айында АВҚШ-та өтедi, дайындаламыз. Бұл жарыстарға бару — бармауымыз допинг мәселесiнен кейiн, бiрiншi қазанда белгiлi болады. Әлем бiрiншiлiгiнде өнер көрсетемiн деп үмiттенемiн және оған бiз дайынбыз, — деп жоспарлаымен бөлiстi Айдар Қазов.

Универсиада чемпионы және оның жеке бапкерi Ерiк Әлiбаев облыс және қала, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына қолдау көрсеткенi үшiн зор алғысын бiлдiрдi.

Анна Пенькова,
СҚО әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз-хатшысы


НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім

Рухани жаңғырту

Яндекс.Метрика