Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Біздікілер Азияда

21.09.2017

Біздікілер АзиядаТүркiменстанның астанасы Ашхабад қаласында 17 қыркүйекте жабық жайдағы және әскери өнер бойынша бесiншi Азия ойындары басталды. Осы маңызды спорттың iс-шараға Қазақстан құрамасының қатарында солтүстiкқазақстандық атлеттер де өнер көрсеттi.

Түркiменстан бесiншi Азиада астанасы болып 2010 жылдың соңында таңдалды, Ортаазия өқңiрiндегi осы құрметке ие болған бiрiншi республика болды. Осы халықаралық жоғары деңгейдегi жарыстарға Ашхабадта арнайы заманауи спорт кешендерi және Олимпиада стадионы салынды, дәл осы жерде 17 қыркүйекте ойынның салтанатты ашылуы өттi. Осы оқиғаның құрметтi қонақтары Азия өңiрi мемлекеттерiнiң басшылары, оның iшiнде Қазақстанның Президентi Нұрсұлтан Назарбаев болды.

Жабық жайдағы және әскери өнер бойынша бесiншi Азия ойындарына 60 астам команда қатысады. Олар Орталық және Оңтүстiк Азия елдерiнiң командалары, сондай-ақ Азия Олимпиада кеңесiнiң туы астында өнер көрсеткен босқындар командасы. Барлығы 21 спорт түрi бойынша 1844 медаль үшiн 11 күн бойы 5,5 спортшы күреске түсетiн болады.

Азияда ойындарында Қазақстан атынан 17 спорт түрiнде 113 атлет өнер көрсетедi. Олардың iшiнде ел намысын Лондонда өткен Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова. Солтүстiк Қазақстаннан Михаил Литвин (400 метрге жүгiру және 4х400 м), Ирина Эктова (үшсекiрiс), велосипедшi Артем Захаров (трек) және грек-рим күресiнен Данияр Қаленов өнер көрсетедi.

Өткен жарыс күндерiнде Қазақстан Азиада аренасында лайықты көрiндi. Бiрiншi үш күнде қазақстандық атлеттер үш алтын, үш күмiс және алты қола медаль жеңiп алып медальдық есепте бесiншi орынды басты. Қазақстан қоржынын сырықпен секiрудегi, ядро итерудегi, ұзындыққа секiрудегi, таэквондодағы, веложарыстағы, кедергiлермен жүгiрудегi және джиу-джитсуден алған междальдар толықтырды.

Азия Ойындарының төқртiншi күнi бiздiң құрамаға үшiншi орынға көтерiлуге мүмкiндiк бердi. Бұл жетiстiкке 400 метрге жүгiруде қола медаль жеңiп алған солтүстiкқазақстандық Михаил Литвиннiң де үлесi бар. Жалпы осы күнi қазақстандықтар он медальға қол жеткiздi, оның iшiнде үш алтын, үш күмiс және төрт қола.

Бiрақ та келесi күнi бiздiң команда қоржынында 30 медаль, оның жетеуi алтын медаль бола тұра бiр саты төмен түсiп қалды. Бiздiң алдымызда әзiрше 57 медальмен (жетi алтын) Өзбекстн, 39 меадльмен (10 алтын) Иран және атлеттерi 127 медаль жеңiп алған Түркiменстан, оның 53 — алтын.

СҚО әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз-қызметi

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім

Рухани жаңғырту

Яндекс.Метрика