Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Алексей Луценко — Қазақстандағы бiрiншi нөмiрлi спортшы

03.10.2017

Екiншi қазанда «Вуэльта Испании» Гранд-турының бесiншi кезеңiнiң жеңiмпазы және «Алматы Турының» төрт дүркiн жеңiмпазы велосипед спортынан ҚР еңбек сiңiрген спорт шеберi Алексей Луценко өзiнiң 2017 жылғы триумфальдық маусымын аяқтап Отанына оралды. Петропавл әуежайында атақты жерлесiмiздi өңiрдiң спорт ведомстволарының өкiлдерi, жаттықтырушылар және жас спортшылар қарсы алды.

Өткен демалыс күндерi Алексей Луценко «Алматы Турында» өнер көрсеттi. Тур ең бiрiншi рет екi турда өттi. Алексей бас сыныптамада бiрiншi орын алды, бұл оның төртiншi рет жеңiсi.

Турдың бiрiншi күнi Алнексчейдiң жеке жеңiсiмен аяқталды, ол мәреге 20 шықырым қалғанда оқ бойы озып кеткен болатын. Ал екiншi кезеңде Алексей үзхдiк үштiктер қатарына кiру үшiн күш салуға тура келдi. Соңғы күшiн жинап күмiс жүлдеге iлектi. Ол 12 секунд даттық Якоб Фульсингке есеп жiберiп алды, ол да Луценко сияқты «Астана» кәсiпқой велосиипед командасының құрамында өнер көрсетедi. Бiрақ бас сыныптамада жалпы есеп сомасы бойынша «Алматы туранды» жеңiске солтүстiкқазақстандық Алексей Луценко жеттi.

Алексейдiң келуiн Петрпавл әуежайында күтiп тұрып, оның бiрiншi тәлiмгерi ҚР Еңбек сiңiрген жаттықтырушысы Виктор Иванович Потапов өз тәрбиеленушiсiнiң осы маусымдағы өнер көрсетуiнен алған өз әсерiмен бөлiстi.

— Маған жаттықтырушы ретiнде оның осы маусымы өте ауыр болды. Ол екi гранд-турдан, әлнемдiк тур «Тур де Франстан» және «Вуэльта Испании» турын әлем чемпионы болып аяқтады. Менiң жеке ойын — ол шаршады. «Астана» командасы бойынша жолдастары және Қазақстан құрамасы оған көмектестi, бiрақ мен Лешаның велосипедшiлер айтпақшы «тiстенiп» келе жатқанын көрдiм. Бұл оның кез келген жағдайда жеңiске деген ұмтылысынг көрсетедi. Ол жасынган осындай болды; әрқашан мәреге дейiнгi жанкштiлiгiмен көзге түсетiн. Бұл тамаша қасиет. Мен оған әрқашан жаныңдағы ешкiмге қарама, тiптi әлем чемпионы болса да деп кеңес беретiнмiн. Бұл оның бойына терең сiңген, ол велосипед спортының және басқа да спорт түрлерiнiң қозғалтқыш күшi. Осы жолы мен оған өте қиын болғанын көрдiм. Маусым өте ауыр және шиеленiстi болды, бiрақ ол сынбады. Басқалар бәрiн тастап, қалып қояды. Ал ол болса жауапкершiлiктi, өзiнiң Қазақстандағы № 1 шабандоз екенiн, артта қалу оған жараспайтындығын сезiндi. Оның осы жарыстағы нөмiрi бiрiншi болды, сондықтан өз үйiнде ұтылып қалу ойға сыймайтын нәрсе едi. Мен осындай халықаралық орбитаға шыққан және бiздiң облысымыз атынан, түгел Қазақстан атынан халықаралық жарыстарда өнер көрсетiп жүрген тәрбиеленушiмнiң барлығына қуанамын.

Мiне ұашқтың қонуын жариялады, фанаттары тартылған кермелерiн жоғары көтерiп, гүлдерiн дайындады. Бұл өздерiнiң пiрлерiн қарсы алуға дайындықтары. Келу аямағында Алексейдi көрген кезде әуежай ғимараты қошемет сөздерiнен жарылып кетердей болды. Тумысынан кiшiпейiл Алексей бұндай кезждесудi күтпеген болатын. Ол өзiне таныс жүздердi, жас спортшыларды көргенiне қуанды, сондықтанда автографты ықыласпен таратты және жерлестерiмен бiрге суретке түстi.

Облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтың атынан «Алматы турының» төрт дүркiн жеңiмпазы, «Вуельта Испании» гранд-турының бесiншi кезеңiнiң жеңiмпазы Алексей Луценконы СҚО әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин құттықтады.

— Сiздi Солтүстiк Қазақстан жерiнде Испаниядағы тримфальдық өнер көрсетуiңiзден және бесiншi кезеңдегi жеңiспен және 18 кезеңдегi күмiспен қарсы алуға қуаныштымын. Күштiлер ондығында Сiз Норвегияда түстiңiз. Бұл тамаша нәтиже. Бiз Сiздiң «Алматы Турындағы» төртiншi жеңiсiңiздiң куәгерi болдық. Сiз бiздiң жерлесiмiз болғаныңызды мақтан тұтамыз және қуаныштымыз, — дедi Руслан Есеналин, оған әрi қарай да табыс тiлеп.

Алексей барлық жерлестерiне ыстық ықыластары үшiн алғысын бiлдiрiп, өзiне осы спорт маусымының қалай өткенiн айтты:

— Маусым табысты болды, қиындықтар да болды. Құлаған кездер де болды, маусымның соңына қарай мен бар күш-жiгерiмдi жинап «Вуэльте Испании» турында жеңiске жеттiм. Әлем чемпионаты болды — бұл ең басты старт болды, бұл жерде мен күштiлер ондығына кiрдiм. Әрине үйдегi «Алматы туры», бұл жерде мен төртiншi рет құрмет тұғырының ең жоғары сатысына көтерiлдiм. Команда өте тамаша ойнады, менiң көңiлiм толды.

Спортшының алдында отбасы, туыстары мен достары жанындағы көптен күткен демалыс. Ал одан әрi — жаңа спорт маусымына дайындалу. Ал оған днейiн 18 қазанда Алексей Парижге жол тартады, әлемдегi танымал веложарыс «Тур де Франс-2018» тұсаукесерiне оны ұйымдастырушылар Алексейдi арнайы шақырды. Келесi жылы бiздiң жерлесiмiз осы беделдi жарысты бағындыруы мүмкiн. Одан әрi Олимпиада ойындары да алыс емес.

Анна Пенькова,
СҚО әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз-хатшысы

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім

Рухани жаңғырту

Яндекс.Метрика