Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Ал сен өз таңдауыңды жасадың ба?

14.09.2017

Солтүстiк Қазақстан облысында балалар мен жеткiншектердi дене шынықтырумен және спортпен айналысумен көбiрек қамту үшiн 27 балалар мен жасөспiрiмдердiң спорт мектебi жұмыс iстейдi, оның iшiнде әр ауданда өз БЖСМ бар. Петропавл қаласында 13 БЖСМ халық үшiн ашық. Сонымен қатар Қызылжар ауданының Бескөл ауылында ат спорт түрлерiнiң БЖСМ жұмыс iстейдi. Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнде айналысатын балалардың жалпы саны 12000 асып кеттi. Олар 6 жастағы жаңа бастағандар мен 23 жасқа дейiнгi тәжiрибелi спортшылар.

2017 жылғы тамызда Алесандр Винокуров Спорт сарайында облыстық мамандандырылған «Олимп» БЖСМ ашылды, оның заманауи жарақтары мен айналысу үшiн қолайлы жағдайы бар.

Спорттың әр түрлерiнен секциялар БЖСМ-терде тегiн екендiгiн айтқан жөн.

БЖСМ-нiң спорт бөлiмдерi тек спорт мектептерiнде ғана емес, сонымен қатар жалпы бiлiм беретiн мектептерде де орналасқан, бұл қолжетiмдiлiктi және балалардың келуiне қолайлылықты арттырады, сонымен қатар айналысушылардың көп болуына көмектеседi.

Спорт мектептерiнде неше түрлi спорттық бағыттар бар. Олар дәстүрлi бокс, жеңiл атлетика, күрестiң әр түрлерi, гимнастика, акробатика, волейбол, футбол, хоккей, баскетбол және басқалары. Асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресi, жекпе-жек сияқты ұлттық спорт түрлерiн дамытуға көп көңiл бөлiнуде, олар Жастар сарайында орналасқан ұлттық спорт түрлерi БЖСМ-де ұсынылған.

Солтүстiкқазақстандық балалардың ең қымбат спорт түрiнiң бiрi ат спортыменат спорты түрлерiнгiң БЖСМ-де тегiн айналысуға тамаша мүмкiндiгi бар.

Облыста үнемi жаңа спорт бөлiмдерi ашылуда. Олардың iшiнде Қ. Байболов атындағы қысқы спорт түрлерiнiң БЖСМ жанында жұммыс iстейтiн керлинг бөқлiмi, «Олимп» МБЖСМ ашылған шорт-трек бөлiмi.

Семсерлесу және шахмат сияқты спорт түрлерi де өңiрдiң спорт мектептерiнде табысты дамып келе жатқан спорт түрлерiмен тегiн айналысуға да болатындығын ұмытуға болмайды.

Велосипед спортынан олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектетiнiң де өзiнiң үлкен дәстүрi мен жоғары жетiстiктерi бар. Атақты олимпиада чемпионы Александр Винокуров, андерлер арасындағы әлем чемпионы Алексей Луценко, халықаралық дәрежедегi спорт шеберi Бақтияр Қожатаев және «Астана» кәсiби велокомандасының және «Vino4ever SKO» құрлықтық велоклубының құрамына кiретiн көптеген басқалары Солтүстiк Қазақстан жерiнде тәрбиеленген.

Облыстағы ең мықты спорт мектептерiнiң бiрi «Жеңiс» ОРМБЖСМ, оның үлкен спорттық базасы бар, бөлiмдер желiсi қала бойынша тараған, оның тәрбиеленушiлерiнiң спорттық жетiстiктерi өте жоғары. Жеңiл атлетикадан ОРМБЖСМ тәрбиеленушiлерi де Қазақстанның олимпиадалық құрамасының тұрақты мүшелерi.

Оқу жылының басынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысының барлық спорт мектептерiнде спорт бөлiмдерiне балаларды қабылдау басталады. Сен де спорт пен денсаулық пайдасына өз таңдауыңды жасауға үлгер!

Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында жұмыс iстейтiн және ұсынылған спорт түрлерi бар БЖСМ-дер туралы толық ақпаратты СҚО әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми сатй — ufks.sko.gov.kz алуға болады.

СҚО әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз-қызметi

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім

Рухани жаңғырту

Яндекс.Метрика